Жұма, 29 Наурыз 2024
4649 0 пікір 30 Сәуір, 2018 сағат 11:13

«Отарда» жауынгерлік парадқа дайындық жүріп жатыр

Мамыр айындағы Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік шеруі Астанада емес, Жамбыл облысындағы «Отар» 40-әскери базасының аумағында өтеді. Қазір осы жерде ҚР Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің жауынгерлік техникасы және жеке құрам алдағы жауапты шараға дайындалуда.

Жауынгерлік парадты дайындау бойынша арнаулы құрылған жедел топтың құрамына Қазақстанның Қорғаныс Министрлігі мен Қарулы Күштерінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кірген. Жауынгерлік парадқа дайындық жөніндегі барлық мәселелерді үйлестіру міндеті осы жедел топқа жүктелген.Қазіргі уақытта әскери база аумағында Жауынгерлік парадқа қатысатын жауынгерлік техникалар мен бөлімшелердің жеке құрамы шоғырланып, бірлескен дайындықтар жүріп жатыр.

Жауынгерлік парадқа барлығы 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 3 бірлік ұшу аппараты қатысатын болады.

«Отар»-40 әскери базасына теміржолмен екі эшелон  танкі және мотоатқыштар бөлімшелері жеткізілді. Ақтаудан теңіз жаяу әскерінің батальоны мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшесі келді.

Оның алдында Отарға авиациялық материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері барлық қажет құрал - жабдықтарымен жеткен болатын.

Жауынгерлік парадқа алаңсыз, тыңғылықты дайындалу үшін әскери авиация ұшқыштарына арналып жеке лагерь тігілген.

Парадтық есептоптардың  күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін жауынгерлерге барлық қажетті жағдай жасалған далалық лагерь құрылған.

Әскери бөлімшелер  Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштері «Мәтібұлақ» полигонында өтетін парад кезінде бүгінгі күнде жарақтанған заманауи қарулар мен техникаларды іс жүзінде қолданып, техникалық шеберліктерін көрсетеді.

Дайындықтың бастапқы кезеңінде парадтық қораптардың сап түзеу тәртібі нақтыланып, парадқа қатысушылармен сәлемдесу тәртібі, туды шығару элементтері, сондай-ақ, жеке құрамның салтанатты маршпен жүріп өтуі пысықталған болатын.

Қазіргі кезде барлық атыс қарулары, танктер мен әуе күштерінің жауынгерлік ұшақтары негізгі дайындықтан өтті.Жауынгерлік парадқа жалпы дайындық шаралары жалғасуда.

Кристина Новикова

майор

Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі

Департаментінің Баспасөз хатшысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618