Жұма, 29 Наурыз 2024
3912 0 пікір 30 Сәуір, 2018 сағат 09:29

Түркия президенті Ердоған мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 29 сәуірде кешкісін мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды.

Gazeta.uz порталының хабарлауынша, түрік лидері мен әйелін әуежайдан Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов күтіп алған.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұлдың Ататүрік халықаралық әуежайынан Өзбекстанға ұшар алдында брифинг өткізген.

Онда Ердоған Түркия мен Өзбекстан жоғалтып алған мүмкіндіктерін қалпына келтіреді деп үміттенетінін жеткізген.

Түркия президенті Өзбекстанда имам Әл-Бұхари мен имам Матуриди атындағы ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына қатысатынын айтқан.

1 мамырда Ердоғанның сапары Бұхарада жалғаспақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2275
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3591