Сенбі, 20 Сәуір 2024
3775 0 пікір 30 Сәуір, 2018 сағат 09:27

Әндіжанда Орталық Азия бойынша инсулин шығаратын зауыт ашылды

Орталық Азия бойынша Zamin Bio Health инсулинін шығаратын бірден-бір зауыт Өзбекстанның Әндіжан қаласында ашылды. Бұл зауытқа жергілікті «Трастбанк» қолдау көрсеткен. Аталған банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауыт жылына 10 млн құты инсулин шығаруды жоспарлап отыр. Онда 100 жаңа орын ашылған.

Zamin Bio Health зауыты негізінен қант диабетімен ауыратын адамдарға арналған инсулин дәрісін өндірумен айналысады.

Зауыттың бизнес-жоспарына сәйкес, өндірілген өнім Орталық Азия елдеріне экспортталады. Бүгінгі күнге дейін инсулинді Өзбекстанға сырттан әкелетін.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта қант диабетімен ауыратын 100 мыңнан астам адам есепте тұрады. Оның ішінде ондаған балалар мен жасөспірімдер бар.

Өзбекстан заңдарына сәйкес, қант диабетімен ауыратындарға инсулин тегін таратылады. Мемлекет жылына бірнеше мыңдаған құты инсулинді шетелден сатып алатын.

Бірақ өзбекстандық дәрігерлер шетелден әкелінетін дәрі-дәрмек есепте тұратын науқастарға толық жетпейді дейді.

Abai.kz

0 пікір