Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
5082 0 пікір 28 Сәуір, 2018 сағат 13:01

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Береке басы бірлікте» атты мерекелік концерт өтеді

2018 жылдың 28 сәуірінде, сағат 19.00 де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерт залында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақала-бағдарламасы, Елордасы Астананың 20 жылдық мерейтойы, сондай-ақ 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні аясында Театр өнерпаздарының қатысуымен «Береке басы бірлікте» атты мерекелік концерт өтеді.

Мерекелік шара барысында Театр өнерпаздары Жәкен Омаров, Алма Аманжолова, Санат Исаев, Қазыбек Әдікей, Жасұлан Мұсағалиев, Қайратбек Бектұрсын, Айсәуле Қайырғазина, Сәулежан Тақзия, Шаттық Уатқан, Жасұлан Сақаев, Ерғали Ағайдаров ән шырқаса, сонымен бірге «Алатау серілері» тобы да өнер көрсетеді.

Концерттегі жаңалықтың бірі Театр жанынан таяуда құрылған «Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблі (жетекшісі – ҚР-ның Мәдениет қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Марат Нүкеев) алғаш рет үлкен сахнаға шықпақ.

Өтетін күні: 2018 жылғы 28 сәуір, сағат 19:00

Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерт залы

Мекен-жайы: Алматы қ., «Алғабас 1»  ықшам ауданы, 6 үй

Байланыс тел.: 8 (727) 224-89-77

Abai.kz

0 пікір