Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 6960 32 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 19:20

"Әлемнің үшінші ұстазы" - Әбен Нұрмановтың 100 томдық кітабының тұсаукесері өтті

 

Кеше Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада  Әбен (Әбдіәлі) Алдабергенұлы Нұрмановтың 100 томдық кітабының тұсаукесері өтті. Салтанатты жиын басталар тұста 100 томдықтың авторы Әбен Алдабергенұлы өзін: "Алдарыңызда әлемнің үшінші ұстазы тұр", - деп мәлімдеді. Ал, залда ине шаншарға орын болмады.

Көпшілік есім сойын біле бермейтін   Әбен (Әбдіәлі) Алдабергенұлы Нұрманов кім? Ол: БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комитетінің кеңесшісі, Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, экономика ғылымының докторы Әбен Алдабергенұлы Қытай, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан  мемлекеттерінің 8 жоғары оқу орнының Құрметті профессоры. А.Эйнштейн атындағы халықаралық энергетика академиясының, М.Нострадамус атындағы халықаралық тылсым сырлар академиясының, Ресей педагогика  академиясының академигі, Ресей психология академиясының мүше-корреспонденті. Б. Момышұлы атындағы  «Отан қорғаушыға» құрмет белгісінің және  Ресейдің ғылым саласындағы «М.Ломоносов»  орденінің, ағарту саласындағы «Гоголь»  медалінің, денсаулық сақтау саласындағы «В.Бехтерев» медалінің иегері, Әзірбайжанның «Гейдар Алиев» алтын медалінің, Англияның «Қызыл Крест» қайырымдылық орденінің, Чехияның  «Король Альберт Вальхштейн» орденінің, Италияның «Леонардо Винчи» орденінің, Қырғызстанның «Манас жаңғырығы» телерадиокомпаниясының «Ғасыр Адамы» атағының, Халықаралық «Мұстафа Кемал Ататүрік» сыйлығының лауреаты және алтын медалінің, «Орталық Азияның үздік ректоры» атағының иегері.  «Таланттар академиясы» оқу-кеңес орталығының құрылтайшысы, Алматы қаласы гуманитарлық-коммерциялық колледжінің президенті, «Мамыр» халықаралық оқу-кеңес орталығының президент-ректоры, сондайақ Халықаралық инновациялық технологиялар университетінің ректоры.

Біздің ортамызда міне, осындай көптеген атақ пен лауазымның иесі атанған "Әлемнің үшінші ұстазы" бар. Біле жүргеніміз жөн шығар...

Abai.kz

32 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621