Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4731 2 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 09:13

Ақселеудің Қайымға құрметі...

"Ақселеу Сейдімбековтың Қайым Мұхамедхановқа жазған хаты"

Дина Қайымқызының арxивінен

Құрметті Кәке!

Есен саусыз ба?

Бұл хатты жазып отырған – Алматыдан, Ақселеу Сейдімбеков деген тілеулесіңіз. Сыртыңыздан көп көрген, көп білетін, көкірек көзі ояу, ой ниеті түзу қарттарымыздың бірі деп естуші едім. Семей жақтан қара көрінсе Сіздің саушылығыңызға алаң көңілмен құлақтас болып отырамыз. Пейіл ниет солай болғанмен де, дәл қазір хат жаза қоярмын деген ой жоқ еді. Алайда Сіздің «Бұхар Жырауыңызды» оқыған соң үнсіз қалудың ретін таппадым.

Ел өмірі, халық тағдырына қатысты мысқалдай болса да игілікті істің тындырылуы зор қуаныш қой. Көп оқушының бірі ретінде Сіздің мақалаңызға деген қуанышымды, алғыс-рахметімді білдіріп отырмын.
«Бұхар Жырау» – сәтімен тындырылған, әлі талай-талай ұрпағымызды мойын бұрғызатын елеулі еңбек. Пікір-дәлелдеріңіз шығар күндей шыншылдығымен баурайды. Жазып отырған тақырып жөніндегі хабардарлығыңыз, бұрынғы-соңғы мағлұмат иелеріне деген кісілікті жүгінулеріңіз, ойды жүйелі өрбітіп, қат-қатымен түсіруіңіз, кесек-кесек ұсыныс пікірлермен ой түйіндеуіңіз – Сіздің мақалаңыздың бағын ашып, көптің көңіліне қонақтаумен бірге, Сіздің өзіңіздің де үлкен жүректі ақсақалымыз екеніңізді мойындатып отыр. Тәңірім бойыңызға қуат беріп, көкірек көмбеңдегі асылдар сәтімен баршаның қуаныш-игілігіне айналуына жар болсын!

Хатымның соңында өзінізге деген өтінішімді айтқым келеді. «Бұхар Жырау» мақаланызда Ерәлі жазған Қанжығалы Жантай батыр туралы, Көкбай ақын жазған Абылай туралы «Сабалақ» атты поэмаларды айтасыз. Сондай-ақ Қаныжағалы Бөгенбай батыр туралы да отызыншы жылдары жарық көрген поэманың бар екенін білесіз ғой. Егер мүмкіндігіңіз болса осы поэмалардың бір-бір көшірме басылымын салып жібере аласыз ба? Бір айға алған шаруа бар еді, сол үшін 18-ғасырдағы батырлар, хандар, жырау-шешендер, билер, ару-айелдер туралы жазылған өлең, дастан, жыр нұсқалары мейлінше қажет болып отырғаны.

Әрине, түрлі себеппен мүмкіндігіңіз келмесе ешқандай өкпе жоқ.

Құрметті Кәке, осы хатпен бірге мына бір шағын еңбегімді салып отырмын. Біріншіден, өзіңізбен таныстығыма дәнекер болсын, екіншіден Сізге деген құрметіме белгі болсын деген ниет еді.

Хатыңызды күтемін.

Сау – саламат болыңыз!

Құрметпен – Ақселеу Сейдімбеков.

12.08.1982 ж. Алматы.

Ербол Іргебайдың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3528