Жұма, 26 Сәуір 2024
3747 1 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 08:51

АҚШ сенаты Майк Помпеоны мемлекеттік хатшылыққа бекітті

АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметіне Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры (ЦРУ) Майк Помпео бекітілді. Оның кандидатурасын Құрама Штаттар Сенаты бекітті.

Рекс Тиллерсонның отставкасынан кейін, Помпео америкалық бас дипломат қызметіне ұсынылған. Бірақ Помпео кандидатурасы демократтар сынына ұшыраған. Себебі ол АҚШ президенті Дональд Трамппен өте жақын қарым-қатынаста деп біледі. Олардың дені бас дипломат қызметіне еркін ойлы, тәуеллсіз адам болуы керек деп мәлімдеген. Трамптың өзі Помпеоны қызметке тағайындауда уақытты тым созып жіберді деп, демократтарды айыптаған.

Помпео болса, Ресейге қатысты жұмсақ саясаттан бас тартып, Мәскеуге қарсы санкцияны кеңейту керек деген ұстанымда. Атап айтқанда, ол Ресей президенті Владимир Путин өзінің еліне алып держава мәртебесін қайтарғысы келеді деп есептейді.

Майк Помпео Ресейдің АҚШ сайлауына араласуы - демократиясы дамымаған елдерге авторитарлық басқару моделін насихаттағысы келгені деп атап өткен.

Abai.kz

1 пікір