Жұма, 29 Наурыз 2024
4198 0 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 08:45

Түркіменстанда су өлшеуіш құралдар бағасы қымбаттаған

Түркіменстанда азық-түлік қымбаттауымен қатар, қызмет көрсету, су өлшеуіш құралдарының да бағасы өскен.

«Қазір су өлшеуіш құралы 200 манат (57 доллар шамасында) тұрады, оны орнату 50 манат. Былтыр бұл құралдар 130 манатқа сатылған, кейін біртіндеп көтеріле берді. 2017 жылдың аяғында құралдарға деген тапшылық болған. Енді қымбаттағалы бері, базарларда тұр», - дейді Азаттық радиосы түркімен қызметінің (Азатлык) Ашхабадтағы тілшісі.

20 сәуірде ел үкіметі «Түркменмашынгурлушык» кәсіпорыны аясында электр энергиясын, суды өлшейтін құралдар жасап шығарады деп мәлімдеген. Кәсіпорын жылына 180 мыңға дейін құралдар жасап шығарады екен.

Былтыр ел билігі су, электр энергиясы, газ үшін халыққа берілген жеңілдіктерді алып тастап, ақылы еткеннен кейін, өлшеу құрылғыларына да сұраныс көбейген. Түркімен халқы 1990 жылдан бері суды, газды, электр энергиясын тегін қолданып келген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618