Жұма, 29 Наурыз 2024
Елім-ай 12107 17 пікір 24 Сәуір, 2018 сағат 15:26

Өмірхан Алтыннан жеткен хабар және Е. Сағадиевтің есебіне енбей қалған қазақ жастары

Өткен жолы Қытай елшілігінің екі нояны ел ішін кезіп, Ши елінің шекарасынан асып, Қазақстанға келген қазақ студенттерін жиып жиын өткізгенін хабарладық. Мақала «Қытай елшілігінің екі нояны не мақсатпен ел аралап жүр?» деген атпен жария болды. Онда Қытайда саяси қудалауға ұшырап, қысастық көріп жатқан аз ұлттар, соның ішінде қазаққа қатысты біршама деректер айтылды. Депутаттар деректерін тізбелеп, жауапты министрлерді сұрақа алды.  ҚР ІІМ генералы Қасымов пен ҚР СІМ вице-министрі Тілеуберді жауап беріп, аргумент келтірген болды. Ақыры Мұхтар Тілеуберді Ши Жиңпин басқарып отырған елдегі тегі қазақ азаматтардың жай-күйін біліп келмекке Үрімжіге аттанатынын айтып құтылды. Айдың күні аманында айдауға түсіп, темір торға тоғытылған қандастардың жағдайы жайлы егжей-тегжейлі оқимын десеңіздер, міне сілтемеге өтерсіздер. http://abai.kz/post/69023

Елшіліктің елкезбелері жүргізіп жүрген үгіт

Содан, әлгі елкезбе екеуге оралайық, өздерін Ван және Го деп таныстырған бұлар әуелі Әулиеата жеріндегі Тараз Мемлекеттік университетіне барды. Көкектің тоғызыншы жұлдызында. Одан соң, ат басын Астанаға бұрып, мұнда да Қытайдан келген қазақ студенттеріне үгіт жүргізді.

«Сендер өте бақыттысыңдар! Сендерді Қытай үкіметі осындай бақытқа ие етті. Шетелде оқытып, қамқорлық жасады. Қытай үкіметі сендерден үлкен үміт күтеді. Сендер елге қайтып, жұмыс істеуге борыштысыңдар. Менің байқауымша, сендер қытайшаны ұмытып қалған сияқтысыңдар. Қытай тілін ешқашан ұмытпаңдар және оны бірінші орынға қойып үйреніңдер. Себебі, сендер елге қайтқанда жоғарғы жалақымен жұмыс істейсіңдер» деп сөйлеген. Бұл - Қазақстанның мемлекеттік тілін сөйлеп, түсінбек түгілі танымайтын Го деген дипломаттың өз сөзі.

ТарМУ-дың 10 студенті Қытайдан қайтып келе алмай отыр

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Мұхаметқали Сарыбеков берген дерекке көз жүгіртіңіз енді. Өзі басқарып отырған оқу орнында білім алып жатқан 10 студент қысқы демалыс кезінде Қытайға барып, қайтпай қалған. Олардың 8-і даярлық курсында оқып жатқан болса, 2-еуі 1 курстың студенттері екен. Қысқы демалысында әке-шеше, туған-туысын сағынып, Қытайға барған, содан қайтпай қалған 10 студентітң тізімі міне: http://abai.kz/post/69023

Ерекеңнің Елбасына ұнаған есебі

Өткен жолы Президент Нұрсұлтан Назарбаев министр креслосына қонжиғалы бері басы даудан арылмай келе жатқан «бас педогог» Ерлан Сағадиевті қабылдаған еді. Бесіктен белі шықпаған, қазақтың төл әріптерін танып үлгермеген балаларды үш тілде сайратамын деп шешкен Сағадиев Президенттің қабылдауынан мақтау сөзге семіріп шыққан еді. Президент Ерекеңнің есеп-қисабын көріп, «дұрыс жолда келе жатырсың» деп арқасынан қаққан. «Екінің-бірі Елбасынан мақтау ести бермейтінін ескерсек, Ерекеңнің жолы болған екен» дедік біз.

Жолы болғыш Ерлан Кенжеғалиұлының назарын енді біз аударайық! Ерекең елге келіп, білім алып жүрген қазақ балаларының Қытайдан қайтып орала алмай жатқанынан хабардар ма екен? Қытайдан Қазақстанға келіп, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында, Қазақстанның білім гранттарында тегін білім алып жатқан студенттердің алды 1 жыл, арты 2 ай шегінде шекарада шегенделіп тұрғанын естіп пе екен? Олар Қытайда үй қамақта, түрмеде және қайта тәрбиелеу лагерлерінде жатыр. Айыбы – Қазақстанға келіп студент атанғаны ғана. Бұл студенттер ҚР ЖОО білім грантының иегерлері. Оқу ақысы, тамақ пен жатақжайы Қазақстанның бюджетінен есептеледі. Оларға бөлінетін шәкіртақы тағы бар. Білім министрі деген дардай лауазым иесі Ерлан Кенжеғалиұлы ТарМУ-дың 10 студентінің қапастағы тағдыры жайлы естіп пе екен? Қытай елшілігінің екі дипломаты емін-еркін ел кезіп, Қазақстанның ЖОО-да студенттерге кері агетация жүргізіп жүргенінен бас педогогтың хабары бар ма?

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің бұл студенттердің жай-күйінен хабары бар ма? Әй, қайдам. Өткенде ғана Президенттің алдында ақтарылып, ағынан жарылған Ерлан Кенжеғалиұлы екілене сөйлеп, еш қиындықтың жоқ екенін айтқан еді ғой. Есебіне елді бір, Елбасын екі сендіріп шыққан. Сонда, елге кеп білім қуған қазақ балаларының Қытай қыспағындағы қиын хәлі Ерекеңді елең еткізбегені ме? Әлде бюджеттік есебіне 78 студенттің жылдық шығыны енбеген бе?

Шидің шырғалаңы

Қазір Қытайдағы қазақтардың жағдайы тым ауырлап кеткен. Ши билігі (Кирилл, яғни, қазіргі қолданыстағы орыс жазуы бойынша оның аты-жөні: Си Цзиньпин) қазақты террорист, экстремистердің сапына қосты. Құжаттарын тартып алып, Қазақстанға келіп-кеткен әр қазақты түрмеге жапты.  Қайта тәрбиелеу лагерлеріне айдады. Тіпті, молда-қожалардың кейбірі түрмеде қайтыс болды деген ақпар да тарады. Қолыңнан келсе шауып ал деген бұл арандатушылықты, әпербақандықты, әлімжеттікті Ши тұтқасын ұстап отырған Қытай билігі күні бүгінге дейін жасап келеді. Қазір Шыңжаңнан шыққан ирредент қазақтардың көші басыбүтін тоқтады.

Қытайдағы аз ұлттарға қасақана жасалып жатқан репрессияға АҚШ алаңдаушылық білдірді. Қытай үкіметіне сұрау салды. Адам құқықтарын бұзу деп баға берді.

Ал бүгін редакциямызға Еуропадағы қандасымыз Өмірхан Алтыннан жеделхат жетті. Еуропа парламенті Қытай қазақтарының жай-күйін талқылайтын болады. 15-мамыр күні. Алмания үкіметі де бұл мәселені жуық арада күн тәртібінде қарайтын көрінеді.

Өмірхан Алтыннан жеткен хабар. Неміс депутатының көз жасы

Өмірхан Алтын өткен жылы дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайында кезектен тыс сөз алып, Қытайдағы қазақтардың қиын жағдайын Елбасына тікелей жеткізген еді.

Енді міне, Алманиядағы Өмкеңнің арызы Еуропа парламентінің қарауына алынып, мамардың 15-і күні талқы жасайтын болып шешкен екен.

Барбара Лочвихлер(Barbara lochbihler). Бұл кісі - Еуропалраменттің адам құқықтары жөніндегі комитет басшысының орынбасары. Өмкеңе жауап хат жолдаған осы кісі. Барбара ханым өз хатында Шығыс Түркістандағы жағдай туралы берген мəліметтері үшін алғысын білдіре отырып, өзінің ол жақта адам құқықтарының өрескел түрде тапталуына қатты алаңдаулы екенін айтты.

Өмірхан Алтын Алмания Бундестагының депутаты, адам құқытары комитетінің мүшесі Маргарет Баус Баусе (Margerete Bause) ханыммен кездесіп, Қытайдың қасқана жасап жатқан қысымы жайлы, ондағы қандастардың Қытай билігінің ассимиляциялау саясатына түсіп жатқаны жайлы айтып берген екен.

«Қытайдың қазақ пен ұйғырға жасап жатқан адам сенгісіз қысымы, қудалау тәсілдерін, кəрі-жас демей жүз мыңдаған адамдардың жазықсыз түрде түрмелерге қамалуын, екіге бөлінген отбасыларының аянышты тұрмыс жағдайларын естігенде неміс депутаты Баус (Bause) ханым көзіне жас алды»,- дейді Өмірхан Алтын.

Міне, Қытай қыспағаны түскен қазақтардың жайы Еуропарламент пен Бундестаг депутаттарын бей-жай қалдырып отырған жоқ. АҚШ арнайы сұрау жіберді тіпті. Ал біз ше?

Ерекеңнің есебіне оралайық. Бұл студенттер Қазақстанда оқиды. Яғни, студенттердің сұрауы сізде,  Ерлан мырза!

Ерлан Сағадиевтің есебіне енбегендер

Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Өскемен, Түркістан, Жамбыл облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 20 ЖОО студенттері мен 1 мектеп оқушысы. Ұзын-ырғасы 79 адам. Олардың есім-сойы мінекей:

Есім-сойы Туған жері Оқу орны Басына түскен жағдай
Мұрат Тұрдыбекұлы ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Моңғолкүре ауданы, Қарасу ауылы Алматы. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Айнұр Бақытқызы ҚХР, ШҰАР,Құлжа ауданы Тараз. М.Х.Дулати атындағы  мемлекеттік университеті. 1-курс студенті Қыста кеткен. Оралмады
Шұғыла Адалбекқызы ҚХР, ШҰАР,Сауан ауданы Тараз. М.Х.Дулати атындағы  мемлекеттік университет. Дайындық курсы Қыста кеткен. Оралмады
Мәуітқазы Қабылбекұлы ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Шәкұрты қалашығы СҚО. М.Қозыбаев атындағы СҚО мемлекеттік университеті. Дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенті 15 күн қамақта жатқан
Тайман Төлеуғазыұлы ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Тарбағатай аймағы, Толы ауданы СҚО. М.Қозыбаев атындағы СҚО мемлекеттік университеті. Дене шынықтыру және спорт мамандығының 2-курс студенті
Өрен Айтмұқамет ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Іле аймағы, Күнес ауданы, Нарат қалашығы, Бәйгетөбе қыстағы СҚО. М.Қозыбаев атындағы СҚО мемлекеттік университеті. Дайындық курсының студенті
Қарқын Нұржібек ҚХР, ШҰАР, Толы ауданы, Мергу қалашығы, Аққайнар ауылы. 3-тұрғын үй. 185 үй. Қарағанды. Е.Букетов атындағы мемлекеттік университеті. Даындық курсының студенті
Мамық Алғабекқызы ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Алтай аймағы, Шіңгіл ауданы, Ағашоба қыстағы, 79 үй. ШҚО. С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университеті. Дайындық курсының студенті
Анаргүл Асылбекқызы ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Алтай аймағы, Шіңгіл ауданы, Аралтөбе ауылы, Аққырын қыстағы ШҚО. С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университеті. Дайындық курсының студенті
Ердана Озатбекұлы ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Алтай аймағы, Қаба ауданы, Көлбай ауылы, Жанжүрек қыстағы, 13 үй. ШҚО. С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университеті. Дайындық курсының студенті
Бедел Айқын ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Тарбағатай аймағы, Толы ауданы, Ақбелдеу ауылы, Егізкөл қыстағы, 150 үй. Алматы. Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясы. Актер мамандығының 1-курс студенті 4-айдан бері Қазақстанға келе алмай отыр
Ықылас Рана ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Тарбағатай аймағы, Толы ауданы Алматы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. 2-курс студенті
Айдана Иманәлі ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Іле аймағы, Нылқы ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу қыстағы, 500-үй Қызылорда. Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеті. Дайындық және кәсіби бағдар беру бөлімінің студенті
Сатай Амангүл ҚХР, ШҰАР, Дөрбілжін ауданы, Маралсу ауылы, Люху қыстағы Қарағанды. Болашақ академиясы. 2-курс студенті Қыста кеткен. Қазақстанға оралмады
Зарыпхан Роза ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Тарбағатай аймағы, Толы ауданы Қарағанды. Болашақ академиясы. 1-курс студенті Қыста кеткен. Қазақстанға оралмады
Алмагүл Әділетқызы ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Моңғолкүре ауданы, Ағаяз қыстағы Атырау. Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті
Ерен Еркінұлы ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Іле аймағы, Күнес ауданы Алматы. Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясы. Актер мамандығының 2-курс студенті 4-айдан бері Қазақстанға келе алмай отыр
Қымбат Кәбек ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Темекі ауылы, Ағоба қыстағы, 71-үй Өскемен. С.Аманжолов атындағы ШҚО мемлекеттік университеті. Дайындық курсы
Адина Ғалым ҚХР, ШҰАР, Тарбағатай қаласы Алматы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. 2-курс студенті. Мехмат.
Айболат Амантай ҚХР, ШҰАР, Боратала қаласы Алматы. АТУ
Жайна Серікқызы ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауданы Алматы. Аграрлық университеті. Биотехнология мамандығының 1-курс студенті
Талғар Қасей ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Қарабура ауылы, 3-үлкен атрет Алматы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. 2-курс студенті. Физтех.
Бауыржан Амантай ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Моңғөлкүре ауданы Алматы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. 2-курс студенті.
Азғанбек Гүлдина ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Нарат қаласы, Арасан қыстағы Атырау. Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті
Жеңіснұр Мәригүл ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Бестөбе ауылы, Қарсу қыстағы, 3-дадуй Атырау. Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті
Мұқаш Ұлданай ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Талды қалашығы Атырау. Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті
Бақытжан Қыранбек ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Іле аймағы, Тоғызтарау ауданы, Тастөбе ауылы, Ігдәй қыстағы Атырау. Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті
Толқынбек Есбол ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Іле аймағы, Моңғолкүре ауданы, Қашажар ауылы Атырау. Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті
Нұркамал Ықылас ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Талды қалашығы Атырау. Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті
Әбдінұр Жасар ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Атырау. Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті
Азғанбек Бибина ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Нарат қаласы, Арасан қыстағы Атырау. Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті
Ербосын Алтыннұр ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Бестөбе Ақши қыстағы, 3-дадуй Алматы. Қыздар педогогикалық университеті. 1-курс студенті. Бейнелеу өнерімамандығы Қыста кеткен. Қазақстанға оралмады
Қуанбек Ернар ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Түркістан. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қуанған Ерғадыл Мори ауданы Түркістан. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Байжұма Бүбина Текес ауданы Түркістан. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Мұқият Мила

08.03.2000 жыл

Толы ауданы Алматы. Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Мекей Зере

18.08.2001 жыл

Толы ауданы Алматы. Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Әбілхан Нұрболат Шәуешек, Кобык ауданы Кереку.

Сұлтанмахмұт Торыайғыров атындағы мемлекеттік университеті

Табалақ Ерғанат Санжы облысы, Манас ауданы, Тасырқай ауылы Алматы облысы. Панфилов ауданы, Алмалы ауылы, Елтінді батыр атындағы мектеп. 11 ә сынып оқушысы
Ақжол Тұрарұлы ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Құлжа ауданы, Әулие ауылы, 3-мущаң қыстағы Кереку.

Сұлтанмахмұт Торыайғыров атындағы мемлекеттік университеті

Шолпан Жеңісқызы Астана. Еуразия Ұлттық университеті. Мамандығы: шетел философиясы
Нұрлан Айдос Толы ауданы, Қызылту қыстағы Астана. Еуразия Ұлттық университеті. Дайындық курсы
Гүлсия Іле аймағы, Тоғызтарау ауданы Астана. Еуразия Ұлттық университеті. Дайындық курсы
Айқын Жәнібек Алтай. Көктоғай ауданы Өскемен. С.Аманжолов атындағы ШҚО мемлекеттік университеті.
Нұртуған Тұрсынғазыұлы Текес ауданы Астана. Шабыт Ұлттық университетінің 4-курс студенті. Қайта тәрбиелеу лагерінде жатқан. Босап шықты
Қойшыбай Думан Алматы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
Әшімхан Тұңғиық Алматы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Маандығы: физика
Мәден Серік Кереку.

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті

Қазақстанға оралмады
Серік Жәйнәгүл Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауданы, Күртімойын қыстағы Алматы. Аграрлық университеті
Естай Самиға Күнес ауданы, Аралтөбе қыстағы, Қарағайлы су қыстағы, 1-группа Алматы. Аграрлық университеті
Жарқын Риза Толы ауданы, Ақбелдеу ауылы, Хамбыл қора қыстағы Алматы. Аграрлық университеті
Дәурен Нұрдана Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Бейсенхан Әуезхан Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Төлебек Әлмира Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Азат Сағыгул Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Ақатай Сезімгүл Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Думан Жадыра Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Мұқият Нұржанат Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Далабек Гүлжан Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Даму Қобылан Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Ербол Дәурен Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Ерболат Ернұр Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Жідай Нұрболат Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Кемижан Жанар Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Қаден Шұғылы Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Қалмұқан Салтанат Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Қару Сындар Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Мақсат Арғынбек Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Мәулітбек Арзыгүл Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Нұрланбек Оразбек Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Нұрлан Қуандық Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Өмірбек Думан Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Тілеужан Бақыт Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Тоқтасын Қымбат Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Тұрдыбек Жайнар Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Шадай Нұралы Шымкент.  М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті
Алқар Тұрдыәлі

20.05.1993 жылы туған

ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Қарабура қалашығы, Құмтөбе қыстағы, Жаңамәлі қыстағы, 179 үй Шымкент. Инноватциялық университеті. 4-курс студенті Қытайға кеткелі 7 ай болды. Хабарсыз
Батырғазы Өмірұзақ

16.04.1994 жылы туған

ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Аралтөбе қалашығы, Кеңсу ауылы Қарағанды. Е.Букетов атындағы мемлекеттік университеті Қытайға кеткелі 8 ай болды. Қайта тәрбиелеу лагеріне түскелі 4 ай болған. Хабар жоқ.
Серікәлі Айдос

04.07.1995 жылы туған

ҚХР, ШҰАР, Іле-қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданы, Нарат қалашығы Қарағанды. Е.Букетов атындағы мемлекеттік университеті Қытайға кеткелі 1 жыл  болды. Қайта тәрбиелеу лагеріне түскелі 42ай болған. Хабар жоқ.

 

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Көгершін Тілеген

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593