Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2713 0 пікір 23 Сәуір, 2018 сағат 13:11

Қабыл қаласында тағы да жарылыс болды

 

 

22 сәуірде Ауғанстанның Қабыл қаласында болған жарылыстан кем дегенде 57 адам қаза тауып, 120 адам жараланған. Бұл туралы Ауғанстан билігі хабарлады

Жанкешті Қабылдағы сайлаушыларды тіркеу орталығында өз-өзін жарып жіберген. Бұл уақытта орталыққа төлқұжаттарын алмақ болып көп адам кезекте тұрған.

Құрбан болғандардың ішінде әйелдер мен балалар жоқ деп мәлімдеді Орталық Азия жаңалықтар қызметіне Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Вахидуллах Маджрух.

Жарылысты әзірге ешкім мойнына алмады. Оқиға шииттер көп тұратын қаланың батыс аймағында болған.

Абай-ақпарат

0 пікір