Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3114 0 пікір 19 Сәуір, 2018 сағат 08:26

Түркіменстанда туристік зонадағы зәулім қонақ үйлер сатылымға қойылған

Түркіменстанда Каспий теңізі жағасындағы «Аваза» туристік зонадағы ең қымбат зәулім қонақ үйлер сатылымға қойылған. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметіне жағдаймен таныс дереккөз хабарлады.

«Елдегі ірі бизнесмендер арасында «Аваза» туристік зонасындағы «Небитчи», «Ватанчи», «Дениз», «Ахал», «Мары», «Лебап» және басқа да зәулім қонақ үйлердің арзан бағаға сатылымға қойылғаны үлкен әңгіме болып жатыр»,- дейді дереккөз.

Тағы бір дереккөз бұл ақпаратты растай отырып, «Тажир» қонақ үйінің таяуда жекешеленгенін айтады. Оның сөзінше, отель шетелдік кәсіпкерге сатылған. «Тажир» қонақ үйі кезінде «Өндірісшілер мен кәсіпкерлер одағына» арнап салынған демалыс орны болған.

Туристік зонадағы демалыс орындары 2007-2017 жылдары мемлекеттік бюджеттің есебінен салынған. Оған кемінде 40-50 млн доллар жұмсалған екен. Ал қазіргі сатылымға қойған бір қонақ үйдің бағасы 100 мың доллар көлемінде дейді.

Abai.kz

0 пікір