Сенбі, 20 Сәуір 2024
Ақмылтық 4505 7 пікір 5 Сәуір, 2018 сағат 08:48

Дәурен Абаев. Қазақстанның баспасөзі — азат, еркін баспасөз

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздегі сөз бостандығына баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазақстанда сөз бостандығы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл бағытта қолдан келгенін аянып қалып жатқанымыз жоқ…Мен өзім сөз бостандығы индексіне 10 балдық шкала бойынша 7-8 (бұл 5 балдық шкаламен шамамен 4 болады- ред.) балл беремін. Қазақстанның баспасөзі азат, еркін деп ойлаймын», — деді Абаев үкімет отырысынан кейін журналистерге берген жауабында.

Министрдің айтуынша, халықаралық рейтингтерде басқа көрсеткіштің болуына көптеген фактор әсерін тигізеді.

«Өкінішке қарай, сауалнама әдісі сарапшылар бағасына қарағанда субъективті пікірге ие», — деді Абаев.

Abai.kz

7 пікір