Жұма, 29 Наурыз 2024
7310 42 пікір 2 Сәуір, 2018 сағат 20:38

Нарынқол мен Кегеннің бөлінуі игі істің бастамасы ғана болғай!..

Елбасы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын" делінген аталмыш жарлықта.

Елбасының бұл Жарлығы тек нарынқолдықтардың ғана емес, бүкіл Қазақстанның шекаралы аудандарының қуанышы. Өйткені, 1997 жылдың көктемінде бірнеше облыстар жабылып, көптеген аудандар тарқатылған болатын. Сол тұста Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының Қытай Халық Республикасымен екі арадаға мемлекеттік шекарасы бойына орналасқан аудандардың біразы ықшамдауға ілігіп, көршілес жатқан аудандарға қосылып кеткен еді. Осылайша, шығыста: Тарбағатай, Катонқарағай, Марқакөл, Мақаншы, Таскескен аудандары, Алматы облысында: Қапал, Үйгентас, Бөрілітөбе, Нарынқол сынды аудандар қиын жағдайда қалды. Ел үдіре көшіп, шекара бойын жалаңаш қалдырдық. Оңтүстік Қазақстандағы Өзбекстанмен шекаралас аудандар да бір-бірімен қосылып, халық әрі-сәрі жағдайда қалған-ды. Енді сол олқылықтың орны толатын түрі бар.

Елбасының Нарынқол мен Кегенді бөлуі жеке аудан болуды армандайтын шекара бойындағы талай елдімекеннің өшуге айналған үміт шоғын қайта тұтатты. Демек, алдағы уақытта елімізде тіршілігі тоқырап, қараусыз қалған Нарынқол секілді елдімекендердің бойына қан жүгірері анық.

Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың бастамасымен басталған бір игі іс қуанышпен тәмамдалды. Енді осы жолды шығыстың әкімі Даниал Ахметов пен оңтүстіктің тізгінұстары Жансейіт Түймебаев жалғастырса деген тілек бар.

 Abai.kz 

42 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2257
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3535