Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 5427 1 пікір 30 Наурыз, 2018 сағат 12:19

Х Олимпиада: жас журналистер сайысуға дайын ба?

Биыл журналистика мамандығының пәндік олимпиадасы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде  өткізіліп жатыр. Білім бәйгесіне еліміздің 16 университетінде оқитын 48 студент бақ сынауда.

2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да бастау алған олипиаданың мақсаты –
Журналистика мамандығының сапасын арттыру, талантты да білімді, үздік студенттерді анықтау, болашақ журналистерді даярлайтын оқу орындарының біліктігін арттыруды көздейді.
"Пәндік олимпиадаға алғашқы рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да қатысқан едік. Ол кездегі студенттер мен қазіргі студенттерді салыстыруға болмайды. Себебі, қазіргі жастар жан-жақты, креативті ойлау қабілеті жоғары, ізденістері мол екенін байқадым.  Сонымен қатар, биылғы олимпиаданың қазақ телевизиясының 60 жылдығына  арналуы болашақ журналистердің ұлттық телевизия тарихын тереңдеп білуіне өз әсерін тигізді", – дейді, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Жәнібек Ғалымұлы.

Олипиада қатысушылары екі кезең бойынша сыналады. Әуелі журналистер «Телевизия және дәуір» тақырыбына арналған бейнесюжеттер арқылы журналистік шеберліктерін көрсетеді. Одан кейінгі кезеңде, «Қазақ журналистикасының тарихы»,  «Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызметі», «Телерадиожурналистика» пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ, ақпараттық сайттарға жедел ақпарат жариялау міндеті де жүктеледі.

Ұйымдастырушылар пәндік олипиаданың қатысушылары жыл өткен сайын көбейіп келе жатқандығын айтады.
"Пәндік олимпиадаға бірінші рет қатысып отырмын. «Телевизия және дәуір» атты тақырып біздің шығармашылығымызды шыңдауға үлкен мүмкіндік берді. Телевизияның тарихымен және жаһандану үрдісіндегі жетістіктерімен таныстық. Көптеген достар тауып, өзімізді кәсіби журналист сезіне бастадық. Осы орайда, тәжірибелі журналистердің шеберлік сыныптарына да қатысамыз", – дейді, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың 2 курс студенті Сәндібек Пренов.
Олипиадаға қатысқан 16 команданың ішінен тек 6 команда ғана марапатталады. Сондай-ақ, олипиада кубогын ұтып алған оқу орны кезекті сайысты ұйымдастырады.

«әл-Фараби» командасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551