Жұма, 29 Наурыз 2024
Жөн-ақ 6310 15 пікір 30 Наурыз, 2018 сағат 09:12

Налыма, Ерлан!

...Әйтеуір шу ете түсеміз. Бір қазаққа соққы тисе болды, өсекші қатыннан бетер қуанамыз, алақайлап малақайды аспанға атамыз, ақпаратты желіден тез таратамыз. Арғы жағын қазбаламаймыз, түк ойланбаймыз, ең бастысы қуанып, таратып үлгеруіміз керек. Ол жалған ба, әдейі солай ұйымдастырған ба, ол жағын ойлайтын сабырлы қазақ жоқ! Міне, мынау нағыз ермелі, күншіл қазақтың шынайы бейнесі! Бұл жігіт менің туысқаным емес, мен Атырау өңіріненмін, бірақ бұл өз қазағым! Бұл жігіт сахнаға Абайды сомдап шығып еді, біреулер "Парақор Ерлан Біләл қазаққа Абай болып ақыл айтпасын" деп бүйректен сирақ шығара бастапты.

Неге біз ылғи қазаққа нәубет жолыққанда, қазақтың басына күн туғанда, қандай да бір іс түскенде ерекше қуанамыз? Міне, өмір шындығы, біз осындай артымен кері жүретін жаман ұлт болғанымыз себепті еш алға жылжи алмай келеміз. Миллион жарым ақшаға Ерланның бар жиғанын саттыңдар да жібердіңдер. Оның елі үшін атқарған қызметтері жоқ па? Әлде министр-депутаттың памперс алатын тиынына Ерланның абыройы сай келмей қалды ма? Параның алған болар, бірақ оны ұсынушы қайда бұл жерде? Оны еліктіріп азғырған ібіліс-шайтан қайда? Ерланның артына анық түскен болды ғой.

Мұндай жұмыстар негізі арнайы ұйымдастырылады. Қақпанға түсіру операциясы купюр ақшамен жүзеге асады. Оны ұйымдастырушылар кілең жансыздар, нағыз ішкі-бауырға кіретін арамза сатқындар! Және елді күйрететіндер де солардан шығады.

Жарайды, бөріктеріңді аспанға атып қуана беріңдер! Одан қызметтерің мен атаң лауазымдарың өсе ме, әлде бойларыңа қан жүгіріп денсаулықтарың шырайланып шыға келе ме?

Бәрін басынан бастасақ, парақорлық пен жемқорлық жүйесін құрған кім? Әрине, биліктің өзі. "Балық басынан шіриді" деген, Қазақстанды сорып, байлығын талан-таражға салып, ақиқат айтқандардың тілін кесіп, жаппай түрмелерге тоғытып, халыққа оқ жұмсап, басына әңгіртаяқ үйірген қарақшыларды неге осылай құрықтамайсыңдар? Ерланды ұстаған жендеттер сонда ары таза періштелер ме? Ерланды ұстауында да бір гәп бар болар, "иттің ішіне май жақпайды" деген, бәз біреулерге ащы ақиқаты жақпай қалған болар?

Енді қараңдар, қазіргі таңда Ерлан сендер үшін "соңғы адам, өлексе, күнаһар, ит, доңыз, шайтан, адам емес, хайуан, мақұлық" солай ма? Енді Ерлан сонда бітті ме, ел-халық ортасына қосыла алмай ма? Ол енді тірі өлік пе? Сендер бір ақша үшін белгілі бір азаматты тірі өлікке айналдырдыңдар ма?! Халық, сендердікі не қуаныш?

Алдарыңда не жатқанын білесіңдер ме? Қазір қуанып отырғандар, сендердің алдарыңда бұданда зоры тұрған болар, оны қайдан білесіңдер? Сондықтанда, істің байыбын білмей "өрәлап" қуанбаңдар!

Биліктің ұрлығын әшкере ете алмайды екенсіңдер, биліктің қолына кісен сала алмайды екенсіңдер, осыны бастаған билік екенін біле тұра ләм-мим дей алмайды екенсіңдер, Ерланды ұстауда бір үлкен іс тындырдық деп уһілеп, езулеріңді құлаққа байлап, маңдай терлеріңді дамбалдарыңмен сүртпей-ақ қойыңдар! Сендердің мақсаттарың шыныменде жемқорлықпен күресу емес, белгілі бір тұлғаны ел алдында масқаралау ғана! Ерланды құлатушыларға һәм сахнаға оралуына қарсыларға айтарым, сүттен ақ, судан таза болудың қандай қажеттілігі бар? Ал жемқорлық өмірлікке жалғасады. Себебі, биліктің өзінің араны ашылып кенеуі кеткен!

Оның емі - қабірдегі бір уыс топырақ қана! Бірақ, Ерлан саған да айтарым, басқа түсті, баспақшылсың енді, сабыр ет! Қазір бәлелі кезең екенін білмейсің бе? Егер олай емес болса, мүмкіндігің бар да өз басыңды арашалап ал, шындықты жайып сал!

* * *

Көкелерім-ау, Ерланды алдаған ақшаларың депутаттың балаларының бір айлық қыдыруға кететін тиыны ғой, активі мен памперісінен ауыспайтын, керек болса ана қазақтардың басына саңғыртып қойған үндіс пен кәрістің кө..н сүртетін ақшасы ғой. Оған бола Ерекеңді күйдірмесеңдерші, одан да ана 22 милиард пен зейнетақы қорындағы жоғалған 70 милиардты іздесеңдерші?

Тұрар Шапқара

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2274
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3591