Жұма, 29 Наурыз 2024
3830 1 пікір 29 Наурыз, 2018 сағат 09:15

«Қазақфильм» Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмге кастинг жариялайды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Жеңімпаз» атты толықметрлі көркем фильмнің өндірісін бастағалы отыр. Картина Кеңес одағының классикалық күресшісі, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтың өмірі туралы баяндайды. Фильмнің режиссерлері – Бақыт Қайырбеков пен Алексей Каменский.

«Қазақфильм» киностудиясы аталған жобаға басты және эпизодтағы рөлдерге актерлер кастингін жариялайды.

Талаптар:

  • 5-7 жас аралығындағы ұл балалар (жүзе біліп, атқа міне алулары қажет)
  • 9-15 жас аралығындағы қыз балалар
  • 15-29 жас аралығындағы арықтау келген жас спортшылар (күресе білулері қажет)
  • 30 дан 60 жасқа дейінгі спортшы ер адамдар (күресе білулері қажет)
  • 18-22 жас аралығындағы студент қыздар
  • 20 дан 60 жас аралығындағы ер адамдар мен әйел адамдар

Кастингке қазақ тілін меңгерген барлық ұлт өкілдерін шақырамыз.

Барлық үміткерлер өздері туралы анкеталық ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы, салмағы, кинодағы тәжірибесі, байланыс телефондары) толтырып, сондай-ақ, фотоға түсіп (тұла бойы, ірі планда анфас және ірі планда профиль) e-mail: mergen_kasting_kz@mail.ru электронды поштасына жіберулері қажет.

Түсірілім тобының талаптарына сәйкес келген үміткермен кастинг-директор  өзі хабарласып, актерлік сынаққа шақырады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610