Жұма, 29 Наурыз 2024
Интеллектуалды миграция 5430 19 пікір 9 Наурыз, 2018 сағат 11:16

Жастардың Ресейге, одан асып алыс шетелге кетері анық!

Ресей президенті Путин шетелдік талантты жастарды оқуға шақырды. Оқу бітірген соң жеңілдетілген түрде азаматтық беру туралы айтты.

Егер Қазақстан:

1. Білім беру саласында коррупцияны толық жоймаса,

2. Ғылымды дамытудың орнына ғылымды үш тілге көшіру деген жалған мәселемен айналысуды тоқтатпаса,

3.Бағасы фантастикалық деңгейге жеткен, шын мәнісінде тек коррупцияны күшейтуші ақылы оқудың бағасын тұрғындардың табысына лайықтамаса, ондай оқу түрін қарқынды жоюға кіріспесе,

4. Шимай-шатпақ оқулықтарды түсінікті тілмен қайта жазып шықпаса,

5. Елдегі мектептен бастап ЖОО дейін ғылымға қарсы тұсау бола бастаған "дін модасына" тосқауыл қоя алмаса,

6.Оқу бітірген жастар үшін жұмысқа тұруда әділетті конкурсты қамтамасыз етпей, тамыр-таныстық пен параны бұғаулай алмаса,

7.Қызмет өсуі барысында мектеп директорларынан бастап өзге бастықтардың бір орында өле-өлгенінше отыруын тоқтатпаса,

8. Ғылым гранттарына жалған есеп беруді доғармаса

9.Ғылым жаңалығына сұранысы көп кәсіпорындарды тез арада дамытпаса және т.т. ондаған мәселелер - мектептегі тегін тамақ, тегін мектеп формасы, тегін қосымша сабақ және ЖОО т.б. мәселелерін Ұлттық даму мүддесіне сай шеше алмаса - Қазақстан жастарының Ресейге, одан асып алыс шетелдерге кететіндері анық! Мұны шешу жүйелі болмаса, қазіргі мультиплативтік уралау түбі тығырыққа тығады! Мен жастарға сенемін! Ал жастар кімге сенеді? Бүгінгі күннің сұрағы осы!

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551