Сенбі, 20 Сәуір 2024
3630 1 пікір 7 Наурыз, 2018 сағат 09:08

Навоиге ұшқан «Узбекистон хаво йуллари» ұшағы Ташкентке қайта қонған

«Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясының Ташкент-Навоиге қатынайтын «Боинг-757» ұшағы көкке көтеріліп, қайтадан Ташкентке қонған. Жолаушыларды түсіріп, билеттің құнын қайтарып бермеген.

Бұл жөнінде Telegram мессенджері арқылы рейстің бір жолаушысы хабарлады. Оның сөздерінше, 4 наурызда «Боинг-757» ұшағымен отбасымен бірге Ташкенттен ұшқан. Бірақ біраз уақыт өткен соң, ұшақ қайта қонған.

«Әуежай диспетчері кері жүктер мен жолаушылардың болмайтынын біліп, ұшқан ұшақты кері қайтарған. Жолаушыларды ұшақтан түсіріп, алған билетіміздің құнын төлемеді. Себебі ішкі рейстерге ұшақ ұшпаған жағдайда, билет құнын қайтару қарастырылмаған", - дейді жолаушы.

Ұлттық әуекомпанияның ресми сайтында Навоиге ұшқан «Боинг-757» ұшағының Ташкент әуежайына қайтуының себебі туралы ақпарат жоқ.

Abai.kz

1 пікір