Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 6386 70 пікір 6 Наурыз, 2018 сағат 08:58

Керемет болғалы тұр...

Жақсы болды. Басқа басқа, қарапайым халыққа көп тиімді бастама болды бұл. Елбасының Парламент Палаталарының біріккен отырысында айтқан халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған бес әлеуметтік бастамасын айтам.

БІРІНШІ БАСТАМА – әр отбасының баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Алдыңызда 7-20-25 деп тұрса, біреудің телефон нөмірі екен деп қалмаңыз. Бұл сіздің өміріңізді жеңілдететін сиқырлы сандар. Нақтырақ айтсақ, осы уақытқа дейін банктер үй алуға несиені 18-30 пайызбен, алдын-ала 50 пайызын төлетіп, 20 жылға дейін-ақ ала беретін болса, енді Елбасы несие пайызын 7 пайызға дейін, алдын ала төлемді 20 пайызға дейін азайтып, ал несиені өтеу мерзімін 25 жылға дейін ұзартатынын айтты.

Біраз адам үйлі болатын болды.

ЕКІНШІ БАСТАМА – төмен жалақы алатын жұмысшылардың салық жүктемесін он есеге азайтып, 1 пайызға түсіру.

Бұл бастама 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асады.

«Өзі азғантай ақшадан тағы да салық ұстайды» деп ренжімейтін болдық.

ҮШІНШІ БАСТАМА – жоғары білімге қолжетімділікті арттыру және оның сапасын көтеру.

Елбасы 2018-2019 жылдары әр жылға қосымша 20 мың грант бөлуді ұсынды. Жылда жазда басталатын «гранттың жыры» сәл бәсеңситін шығар.

Колледждер мен университеттер 2022 жылға дейін жекеменшік-мемлекеттік серіктестік көмегімен кемінде 25 мың орындық жатақхана салуы керек.

Пәтер жалдап жүрген ауылдың балаларына жақсы болды.

ТӨРТІНШІ БАСТАМА –  шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыру.

Ал, енді көптен бері алақанын ысқылап «өз ісімді бастауым керек еді»,- деп жүрген мырзалар мен ханымдар, сендердің күндерің туды!

2018 жылы жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыру үшін қосымша 20 миллиард теңге бөлінеді.

БЕСІНШІ БАСТАМА –  Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарына газ тарту.

Бір жарым жыл көлемінде газ тартылса, жеңгелеріміз бен келіндер от жағып, күл шығарудан құтылатын болады. Оның үстіне Астананың аспаны үнемі шайдай ашық болғалы тұр.

Әділбек Қаба

Abai.kz

70 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2246
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3495