Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3748 0 пікір 6 Наурыз, 2018 сағат 08:31

Ташкент циркінің бұрынғы директорына іздеу жарияланды

Өзбекстанның ішкі істер министрлігі Ташкент циркінің бұрынғы директоры Бахром Мажидовқа іздеу жариялады. ІІМ сайтында 63 жастағы Мажидовтің Қылмыстық кодекстің 164-бабы («Қарақшылық») бойынша күдікке ілінгені жазылған.

Мажидов жоғалып кеткенге дейін, өзбек циркінің мүліктерін тонауға байланысты тергеу ісі басталған екен.

Өзбекстанның халық әртісі Бахром Мажидов Ташкент мемлекеттік циркін отыз жылдан астам басқарған.

ІІМ хабарлауынша, бұрынғы директор 1 млрд сум көлемінде ақша ұрлады деген күдікке ілінген.

"Қазір Мажидовтің қайда екенін ешкім білмейді. Біреулер оны Мәскеу циркінде жұмыс істейді дейді. Өнер саласының адамы ешқашан далада қалмайды. Бірақ бұл адам циркті өте ауыр жағдайда қалдырды. Қазір жаңа директор тағайындалды. Мәселе біртіндеп шешіледі деп үміттенеміз", – дейді цирк қызметкері.

Аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрген тағы бір цирк қызметкері Бахром Мажидов цирктегі аңдарды сиыр етінің орнына есек етімен қоректендіргенін айтады.

"Бір барыс тәулігіне 6-7 келі ет жейді. Оларға сиыр етінің орнына бағасы үш есе арзан есек етін беріп келді. Бірақ құжатта сиыр еті деп көрсетті. Циркте жануарлар көп. Енді өзіңіз ойлай беріңіз, бюджет ақшасы қалай ұрланғанын. Мұнан бөлек Мажидов шетелге цирктің акробаттарын жетілдіруге жіберіп, бірақ келісім-шартта көрсетілген ақшаның жартысын өзі алып отырған", – дейді цирк қызметкері.

Abai.kz

0 пікір