Жұма, 29 Наурыз 2024
3503 0 пікір 6 Наурыз, 2018 сағат 08:28

Түркіменстанда жәрдемақы бұдан былай тек пластикалық карта арқылы берілмек

Түркіменстанның Дашогуз өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік төлемақыны бірінші рет пластикалық карта арқылы аударады.

"Әлеуметтік көмекақы берілетін кассаларда пластикалық картаға өту туралы жарнамалар ілулі тұр. Енді әрбір он фермерлік бірлестікте тек бір ғана есепші жұмыс істейді. Қалғандарын қысқартады", - деп хабарлайды Азаттықтың түркімен қызметіне солтүстік аймақтың тұрғындары.

Қазіргі кезде Түркіменстан толығымен ақшасыз төлем жүйесіне өтіп жатыр. Зейнеткерлер, студенттер, жұмыскерлер ақшаны тек пластикалық карта арқылы алатын болады. Фермерлерге де карта алуды міндеттеген.

Бірақ банкоматта көбінде жеткілікті ақша болмауынан, тұрғындар қолма-қол ақша ала алмай жатады. Түркіменстанның Орталық банкі ұсынған өлшем бойынша, Ашхабад тұрғындары банкоматтан бір тәулікте 1000 манаттан (шамамен 285 доллар) артық, ал аймақ тұрғындары 300 манаттан (шамамен 86 доллар) аспайтын ақша ала алады.

Түркіменстанда сауда орындарында ақшасыз төлем жасау жүйесі әлі дұрыс дамымаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580