Жұма, 19 Сәуір 2024
3461 39 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 12:41

Енді ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын болады

Елбасы бүгін Парламенттегі қос палатаның бірлескен отырысында Қазақстан азаматтарын баспанамен қамтамасыз етуді жеңілдету туралы тапсырды. Президенттің пәрмені бойынша алдағы уақытта баспанасыз жүрген азаматтар үшін алғашқы жарна төлемін 20%-ға дейін жеңілдетіп, 25 жылға 7%-бен ипотека беруді тапсырды.

«Біз өткен жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй салдық. Бұл бұрын-соңды қол жеткізбеген рекордтық көрсеткіш. Бірақ мұның өзі аздық етеді, әлі де баспанасыз жүрген азаматтар жеткілікті» деді Мемлекет басшысы. Осы ретте мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық  теңгемен ипотекалық займды келесі шарттармен  алу мүмкіндігіне ие болады.  Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарнама 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады»,-деді Мемлекет басшысы.

Abai.kz

39 пікір