Жексенбі, 5 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
Ойдан-қырдан 5480 35 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 10:42

Горбачев: "Путин алқаш, жүрген бір әумесер"...

Сәбеттің соңғы «көсемі» Михаил шал Горбачев сұхбат беріпті деп бүкіл орыс баспасөзі бұлқан-талқан болып жатыр. Сексеннің жетеуіне келген, таз басына таңба біткен Горбачев сөз арасында сайлауға түсіп жатқан қазіргі Президент Владимир Путин жайлы көп жұрт айта бермейтін ақпарды жайып салыпты. Содан болар, Кремльдің айтақтағы күшіктері Горбачев шалдың сұхбатын жариялап жатқан әрбір сайтты бұғаттап әлек болып жатыр.

Десе де біз бұл сұхбаттың бұғатталмаған бір нұсқасын таптық. Шолып шықтық.  Сөйтсек, Михаил Горбачев Владимир Путинмен болған соңғы кездесуі жайлы айтып, оның жүргізіп отырған саясатына өз пікірін білдірген екен.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Путинмен бірнеше рет кездесіпті. Бірақ, бұл кездесулер тек Кремльдің кең дәлізінде жол жөнекей қол қысумен шектелген көрінеді. Оған қоса, Владимир Путин кәрі сүйек, қубас Генсектің саяси кеңестерін керек қылмаған екен. Тіпті, орыстың екі билеушісінің соңғы кездесуі 2017 жылы «Ресей күні» дейтін мерекенің қарсаңында болған. Бұны да Михаил Горбачевтың өзі айтып отыр.

«Амандастық. Мен оған: "Көп болды кездеспедік" дедім. Ол: жу-жу-жу; Ол қазір көп міңгірлейді. Онысы жұртқа не айтқаны түсініксіз болуы үшін»,- депті сөз арасында.

Ең соңғы Генсектің Путинге өкпесі қара қазандай екен. Оған себеп – Путиннің қабылдауына үш рет жазылған. Үш кездесуді де Путин бе, әлде оның көмекшілері ме, әйтеуір кейінге шегерген. Сөйтіп, өкпелеген Горбачев шал енді бұның қабылдауына өліп кетсем келмеймін деп шешкен.

Тым құрығынада кеңесшілікке жарамаған саяси өлік – Михаил Горбачев Путиннің жұмыстан бос уақытта немен айналысатынын да айтып берген. Сөйтсек, Путин барып тұрған алқаш, әумесер біреу екен. Бұл Горбачевтің сөзі.

«Соңғы кезде көп ішіп жүр. Кейде билейді, кейде ұшады, кейде жүзеді, сайтан алғыр, еріккен адам не істемейді... Әттеген-айы, ғарышқа ұша алмайды. Қорқады. Егер ол ғарышқа ұшып кетсе, жұрттың барлығы оған: «Владимир Владимирович, қайтып келмеңіз!» дейтін еді ғой», - депті.

Михаил Горбачев қазір 87 жаста. Кеңес одағының соңғы билеушісі. Нобель сыйлығының иегері.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

35 пікір