Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3897 0 пікір 14 Мамыр, 2009 сағат 08:09

Татамидің тарланбозы

 

 

Асхат ЖИТКЕЕВ зюдодан Олимпиаданың күміс жүлдегері (2008),
әлем чемпионатының қолажүлдегері (2001),
Азияның үшдүркін чемпионы (2003, 2004, 2008),
Азия ойындарының үшдүркін қола жүлдегері (2002, 2006).



2004 ылы финны аласында өткен Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында қазақтың көк байрағын ұстап шығу құрметіне танымал балуан Асхат Житкеев ие болған-ды. Әдетте ту ұстаған азаматқа ерекше сенім артылады. Ол міндетті түрде жүлделі орындардың бірін иеленуге тиіс деген жазылмаған заң бар. Бұрындары үнемі солай болған. 1992 жылы Барселонада Дәулет Тұрлыханов, 1996 жылы Атлантада Ермахан Ыбрайымов Олимпиаданың ашылу рәсімінде ту ұстап, сол жарыстарды қола медальмен қорытындылады. 2000 жылы ердің «сойы» Ермахан Сиднейде алтыннан алқа тағынды. Ал ежелгі Эллада елінде сондай құрметке ие болған Асхат балуан жеңіліп қалып, жеңіспен өрілген дәстүріміз үзіліп қалғандай күй кештік...

Асхаттыңтуып-өскенжерібұ­­рынғыТалдықорғаноблысыАқ­с
уау­даныныңЖансүгіркенті. Көр­­ші-қолаңның балаларымен іле­сіп, дзю­до үйірмесінің табал­ды­рығын ат­тағанда ол не бары тоғыз жаста еді. Күрес әліппесін оған ең ал­ғаш үй­реткен жергілікті жас бап­кер Саят Құдайбергенов еді.
Житкеевтенжақсыбалуаншы­ғатынынатүбегейлікөзжет­кіз­генСаятҚұдайбергеновалдағыуа­қыттатөлшәкіртішеберлігінҚар­кенАхметоватындағыда­рын­дыбалаларғаарналғанмектеп-ин­тернаттаұштағанынқалады. Әке­сі мен анасының келісімін ал­ғаннан соң, Саят Асхатты қасына ер­тіп, Алматыға бір-ақ тартты. Шев­ченко мен Байзақов көше­ле­рі­нің қиылысында орналасқан ин­тер­натқа құжаттарын тап­сыр­ды. Қырағы деген бапкерлердің сы­нағынан сүрінбей өткен Асхат сол мектепке қабылданды. Сөйтіп, жа­пон күресінің болашақ жұл­ды­зы үшін спорттағы жаңа кезең бас­тал­ды. Бұл 1994 жылдың қоңыр кү­зі еді.
Алғашында Александр По­то­кин­нің тәлім-тәрбиесін көрді. Одан кейін Жексен Саламатовтың қол астына ауысты. Сол кісінің бі­лік­тілігінің арқасында жас жігітке жа­ңа асулар бағына бастады. Рес­пуб­ликамыздың ең таңдаулы де­ген жасөспірімдері мен жастарын ше­тінен ұтты.
1999 жылыШымкенттеөткенере­сектерарасындағыелчем­пио­на­тынаалғашретқатысқанАсхатай­тулыжарыстақарсыласшы­дат­пады. 100 келіге дейінгі сал­мақ­та күрескен Серік Адығанов пен Асланбек Омаров сынды та­ны­мал балуандардың өздері 18 жас­тағы дарынды жігіттің қар­қы­ны­на төтеп бере алмады. Алда Сид­ней Олимпиадасы меңмұн­да­лап тұрды. Алайда ең соңғы сәтке де­йін бапкерлер айтулы додада жас балуанға сенім артуға жүрек­сін­ді. Кейбіреулер үшін бұл нә­тиже кездейсоқтық болып көрінді, кей­біреулер оның тәжірибесі­нің жоғын алға тартты. Бірақ Ас­хат келесі жарыста – Алматыда ө­ткен Санжар Жандосовты еске тү­сіруге арналған халықаралық тур­нирде өзінің мықтылығын тағы бір мойындатты. Жоғарыда есім­де­рі аталған қарсыластары бірінен ке­йін бірі бастапқы бәсекелерде-ақ жеңіліске ұшырағанда, Жит­ке­ев шетелдік дзюдошылардың бар­лы­ғын бір деммен ұтты. Финалда Дас­тан Пірімқұловтан айласын асы­рып, алтыннан алқа тағынды. Сол жарыстан кейін Асхатқа еш­кім қарсы тұра алмайтынына көз жет­кізген ұлттық құрама бапкер­ле­рі оны лицензиялық турнирге апа­руды жөн санады.
Олимпиадажолдамаларыса­рап­қасалынғанАзиячем­пиона­тын­дабесіншіорыналғанАсхатЖит­кеевОлимпиадағабаратын­дартізімінеқосылды. Алайда Сид­­нейде оның жолы болмады. Ал­ғашқы айналымда жеңіліс тап­қан ол көрермендер қатарын то­лық­тырды.
Асхат айтады: Ол кезде не бары 19 жастамын. Сол себепті де менен еш­кім айтарлықтай нәтиже күт­пеген еді. Мен де медаль ала алмай қал­дым деп аса қайғыра қойған жоқ­пын. Алайда алғашқы айна­лым­да-ақ жеңіліп қалғаныма қатты на­мыстанғаным рас. Жалпы, Сид­ней­де өткен Олимпиадада Қазақс­тан құрама командасының мү­ше­ле­рі тегістей жеңіліп қалды. Тіптен тә­жірибелі деген дзюдошыларының жо­лы болмады. Есесіне, Қырғызстан құ­рамасының сапында өнер көрсет­кен қандасымыз Айдын Смағұлов ай­ды аспанға бір-ақ шығарып, қола ме­даль жеңіп алды. Жат елдің на­мы­сын жыртса да, ол өзіміздің аза­мат қой. Әйтеуір бір қазақтың маң­дайы жарқырағанына қуандық. Сол Айдынның мойнындағы ме­да­ліне қызыға да, қызғана да қарадық. Біз қашан сол деңгейге жетеміз деп қиял­ға баттық.
Таланттыжігіттіңтопжаруыүшінасакөпуақыткетеқойғанжоқ. Сол жылдардан бастап, күні бү­гінге дейін Житкеев елішілік жа­рыстарда ешкімге есе жіберген жоқ. Халықаралық жарыстарда да оның айдарынан жел есті. Десек те Асхат өзінің ең тұңғыш ірі же­ңі­сіне 2001 жылы қол жеткізді. Гер­манияның Мюнхен қаласында өт­кен әлем чемпионатында Жит­кеев жасындай жарқырады. Жа­рыс жолына шыққан ол алғашқы екі қарсыласын сең соққандай етіп, үшінші белдесуде Олимпиада чем­пионы Иноеге қарсы шықты. Жа­пон жігітіне жерлесіміздің әлі жет­педі. Одан кейін тағы екі қар­сы­ласын қапыда қалдырған Асхат қо­ла медаль үшін грузия­лық бал­уа­нымен айқасты. Қарсы­ла­сы да осал­дар санатынан емес-ті. Ал­ға­шын­да әуелі біздің балуан­ды ығыс­тырып, «вазари», «коко», «юко» әдістерімен ұтып жатты. Ал уа­қыт болса, сырғып өтіп жатты. Өзі­нің ұпай қорын түгендеп алған­нан кейін грузин дзюдошысы, уа­қыт созуға кірісті. Асхат біразға де­йін оның осал тұсын таба алмай, әлек­ке түсті. Десек те бәсекенің аяқ­талуына 40 секундтай уақыт қал­ғанда, Асхат қарсыласын кілем­ге алып ұрды. «Иппон!» Сөй­тіп, әлем чемпионатында жүлде ал­ған тұңғыш дзюдошы ретінде Ас­хат Житкеевтің есімі Қазақ­стан­ның күрес тарихында қалды. Ал келесі күні оның бұл ерлігін қан­дасымыз Асхат Шахаров қай­талап, қоржынымызды тағы бір қола медальмен толықтырды.
Асхаттың содан кейінгі спорт­тық өмірбаянында жеңіс пен же­ңі­ліс алмасып жатты. Бірде қуа­ныш, бірде сәтсіздік. Бәлкім, спорт­тың құдіреті де сонда шығар. Ай­налдырған аз ғана уақыт ішінде Азия­ның үш дүркін чемпионы ата­ғына қол жеткізіп, Азия ойын­да­рын­да үш мәрте жүлделі орын­дар­ды олжалады. Аса ірі халық­ара­лық турнирлерде топ жарып, талай мәр­те өз жанкүйерлерінің мерейін та­сытты. Алайда солай бола тұра, Мюн­хеннен кейін өткен әлем чем­пио­наттарында ол жеңіс тұғырына бір көтеріле алмай-ақ қойды.
Афиныдағы ойындар қарса­ңын­да республикамыздың спорт бас­шысы Дәулет Тұрлыханов сол жа­рыстың ашылу салтанатында Қа­зақстанның туын ұстап шығу­ды Житкеевке сеніп тапсырды. Ас­хаттың өзі де ұзын бойлы, тұл­ғасы келіскен, сымбатты жігіт қой. Көк байрағымызды ол Олим­пиа­­даның ашылу рәсімінде ұстап шық­қанымен, ежелгі Элла­да елінде оны биікте желбірете ал­ған жоқ. Тырнақалды тартыста Бе­ларусь балуанынан ұтылып, қал­ған екі бәсекеде Финляндия мен Грузия өкіліне сан соқтырды. Одан кейінгі айқаста Әзірбайжан дзю­дошысы Мавлут Мералиевпен бел­десті. Бұрын ол балуанды бір мәр­те жеңгені бар. Жай ғана ұпай са­нымен емес, атойлап ұтқан. Егер осы бәсекеде ұтса, қола ме­даль үшін таласуға тамаша мүм­кін­дік туындайтын еді. Алайда бұл жо­лы Қап тауының өкілі Асхатқа қа­рағанда алымды көрінді. Жит­кеев жетінші орында қалып қойды.
Асхат айтады: Бұл сәтсіздік ма­ған өте ауыр тиді. Өкініштен өзе­гім өртенді десе де болады. Нағыз атой салатын тұста жанкештілік та­ныта алмағаным күйіндірді. Өйт­кені Елбасының өзі мемле­кет­тік туымызды Олимпиаданың ашы­лу рәсімінде ұстап шығуды маған се­ніп тапсырған еді. Бұл – өте жа­уапты іс. Үлкен міндет. Ал мен ел се­німін ақтай алмадым. Елге орал­ғаннан кейін бапкеріммен бірге сәт­сіз­д­іктің себебін терең талдадық. «Қай жерде мүлт кеттім?», «Осал соқ­қан тұсым қайсы?» деген са­уал­дар төңірегінде көп толғандым. Ақы­ры «Олимпиадада жүлде ал­ма­ған­ша, спорттан қол үзбеймін» деп өз-өзіме серт бердім. Міне, сол сезім ме­ні Аспан асты елінде алауы тұ­тан­ған Олимпиадаға жетеледі.
Иә, жіберген қателіктен дұрыс қо­рытынды шығарып, жаңа асу­лар­ға беттеп, биік белестерді ба­ғын­дыру үшін төрт жыл, әрине, аз уа­қыт емес. Сол кезең аралығында ақ­сулық балуанға талай сынақ­тан өтуге тура келді. Оның барлық та­бысын тізбектемей-ақ, ең не­гіз­гі­леріне тоқталайық. 2005 жылы құр­лық чемпионатында күміс ме­даль алды. 2006 жылы Азия ойын­да­рында 100 келі салмақ дәре­же­сінде және абсолютті салмақта қос қола медальді олжалады. 2008 жы­лы Азия чем­пио­ны атанды. Сол ж­арыста ол Оли­мпиада жолда­ма­сын қоржы­ны­на салды.
Бейжің 27 жастағыдзюдошыүшінүшіншіОлимпиадаеді. «Ер ке­зегі – үшке» деген дана сөз бе­кер айтылмаған ғой. Сиднейдегі сәт­сіздік пен Афиныда кеткен ағат­тық ұзақ уақыт оның жанын же­гідей жеп келген еді. Ал­ғаш­қы­да тәжірибенің жоқтығынан же­ңіл­ді, келесіде өзінен кеткен өрес­кел қателіктің салдарынан сан со­ғып қалды. Міне, енді өзін түп­кі­лікті мойындату үшін тамаша мүм­кіндік туындап тұр.
БейжіңОлимпиадасыната­ма­шабабындакелгенайтулыбалуанта­тамидемінсізтехникамента­бандылықтыңүлгісінкөрсетті. Бі­рінші болып кезіккен Кувейттің өкі­лі Талал Аленезиді қос жауы­ры­нымен жерге қадады. «Иппон!». Екі мәрте әлем чемпионатында бе­сінші орынға табан тіреген Бос­ния мен Герцеговинаның балуаны Амел Мекичті басынан асыра лақ­тыр­ды. «Иппон!». Еуропа чем­пио­ны, әлем чемпионатының жү­лде­ге­рі деген атағы бар Венгрия дзю­до­шы Даниэль Хадфидің де осал тұ­сын дөп тапты. «Иппон!». Жит­кеев­тің одан кейінгі қарсыласы – жас­тар арасындағы әлем чемпио­ны, ерлер арасындағы Еуропа чем­пионы, голландиялық Хенк Грол еді. Алғашқы әдісті Асхат орын­дады. Төрешілер оған «юко» дег­ен баға берді. Қарсыласы да қа­рап қалмай, «вазари» әдісімен ал­ға шықты. Қазақша айтсақ, бұл –жа­ртылай жеңіс. Бәсеке ба­ры­сында осы тәсілді екі мәрте сәтті орындаған балуан жеңімпаз бо­лып танылады. Соны қаперіне мық­­тап түйген Грол атойлап же­ңудің бар амалын ойластырды. Жыл­дамдығы жағынан да, бел­сен­ді­лігі жағынан да ол біздің балуан­нан басым түсіп жатты. Бір сәтте қос балуан бір-бірін белбеуден мық­тап ілді. Голландиялық тата­ми шебері жерлесімізді ары-бері ыр­ғап көрді. Бірақ Асхат оған ал­дыр­мады. Сол мезетте Грол лезде өзі­нің «астыртын» жоспарын жү­зеге асыруға бекініп, қарсыла­сы­ның аяғына атылды. Оқиғаның осы­лай өрбуі мүмкін екенін бол­жай білген Житкеев оның алдын орап, тілерсектен іліп алды да, та­та­миге тастады. Тағы да «Ип­пон!»
Ақтықайқастыжоғарыдең­гей­деөткізугеАсхаттыңшамасыжет­педі. Моңғол балуаны Тув­шин­баяр Найданмен болған бәсекеде жерлесіміз жеңіліс тапты. Өткен айқастар оның көп күшін сарқып алса керек, финалда ол құлашын кеңінен жая алған жоқ. Сөйтіп, Тувшинбаяр Найданның есімі Монғолия елі тарихындағы тұң­ғыш Олимпиада чемпионы ре­тінде тарихта қалды. Ал Асхат Жит­кеев болса, Қазақстан дзюдо­шы­лары арасынан шыққан Олим­пиаданың алғашқы жүл­де­гері ретінде спорттық шежіреге өз есі­мін тіркеді.
АрадаазуақытөткендеАс­хат­тыңсалмағындаОлимпиадачем­пионыатанғандзюдошыныңдо­пингқолданғаныжайындасыбыста­рады. Егер сол мәлімет құзырлы ор­гандар тарапынан ресми түрде рас­талса, Найдан сөз жоқ, Бей­жіңде олжалаған алтын медальдан ай­ырылатын еді. Осы әңгіменің өр­біп тұрған кезінде Житкеевтің пі­к­і­рін білгіміз келіп, телефон шал­ған едік. «Бұл мәліметтің анық-қа­нығын білмеймін. Тіптен моңғол спортшысының допинг да­уы­на қатысы болып, оған жаза қол­дан­ған жағдайдың өзінде, мен ал­тын медальдан бас тартар едім. Өйт­кені, шын мәнінде, теңдессіз спор­­тшы өз елінің әнұранын Олим­­пиадада шырқатуы керек. Ал араға айлар салып, біреудің мой­­нынан шешілген алтын ме­даль­дің маған еш қажеті жоқ», – деп әңгімені шорт кесті.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

 

0 пікір