Жұма, 29 Наурыз 2024
Ғибырат 4615 7 пікір 4 Наурыз, 2018 сағат 14:14

Бақаның да өз тілі болады

Планшеттегі пәлен-пәштүген...

 1. Көршінің ұрысқаны – көңіл көтереді.

2. Халыққа қызмет ету – балаңды тәрбиелеуден басталады.

3. Қазақта ұйымшылдық психология жоқ. Әйтпесе, бізде де футбол дамитын еді.

4. Біздер большевиктерден құтылдық, коммунистерден құтылдық, ал Батыраш-Қотыраштардан арылатын емеспіз. Арыла алмайтын да шығармыз...

5. Билікке барғанның бәрі ақылды болса – Еліміз баяғыда гүлденіп кетер еді.

6. Бізде ертеңгі елу жылын ойлаған әкім көрсем – көзім шықсын.

7. Креслоға отырғанның – көңілі көтеріңкі.

8. Қазақ әдебиеті қандай бай болса, қазіргі әдебиеттің интеллектісі сондай – жүдеу.

9. Ең оңай нәрсе - адам боп ояну... Ең қиын нәрсе – адам боп жату...

10. Осы күнде терминдерді қазақшаға аударып жүр. Бұл жақсы. Ал, көп жағдайда осы тәржіма дұрыс емес. Біздің жазушы-журналистер орысша тұрмақ, ағылшын, грек, яғни халықаралық, әлемдік сөздерді аударады. Кейде тіпті күлкің келеді. Мысалы: «артист», сөзін – «әртіс» деп аударыпты. Грекше «арт» сөзі, (өнер, творчество), «ист» – «орындаушы»  деген ұғым.  Яғни, өнер иесі. Сол өнерді атқарушы деген сөз. Ал, «әртіс» – түсініксіз. Жолдан қосылған – Жолдаяқ. Бізге үйдің ішінен үй тігудің қажеті жоқ. Ұлы өркениеттен шеттемеу керек. Қазақтар да әлемдік өркениеттің, мәдениеттің бір бөлшегі.

11. Сұлу қызды көргенде – әйелің сұрықсыз болып көрінеді.

12. Алатаудың қадірін – Астанада білесің...

13. Алматыда жер сілкінсе – Астаналықтардың зәресі ұшады.

14. Кәрі биші билесе – есті көрермен еденнің шегесін санайды.

15. Әкім қашан кетем деп ойлайды,

Ақын қашан келем деп ойлайды.

16.Пәлелі қызға жоласаң - помадасының ізі қалады.

17. Жақсы молданың үш қасиетіне көңіл аударам... Біліміне, мақамына һәм сақалына...

18. Халыққа қызмет ету құдайға құлшылық жасағаннан да қиын.

19. Долы қатын атом бомбасынан да жаман.

20. Кешегі коммунистердің көбі – бүгінде «Нұр Отанның» мүшесі болған. Ал, бүгінгі коммунистер тек көңіл көтеру үшін... Клоунада...

21. Құдайдан қорықпаған – финполға жем болады.

22. Зиратқа барғанда – тәубеңе келесің...

23. Самолетке отырғанда – уақыт өтпейді.

24. Американың қарасын көргенде – қазақтың қарасы аппақ болып көрінеді.

25.  Ананың махаббаты шексіз, сәбидің риясыздығы шексіз, адамның ақымақтығы шексіз...

26. Цифрлы мемлекеттің, нанотехнологияның - адамгершілікке ешқандай қатысы жоқ...

27. Бір күндік мақсатпен өмір сүрген қоғамда мемлекет құру мүмкін емес...

28. Оппозиция болу үшін – алдымен ақыл, сонан соң ақша керек.

29. Легализация капитала начинается с головы.

30. Шет елде үйі бардың – екі жаны болады.

31. Алтын тісің болғанша – күміс сақинаң болсын.

32. Көк аспан - шексіз, көк теңіз - шексіз, көңіл – шексіз...

33. Бізге Герадоттан Герағаң жақын...

34. Өмірдегі Батыраштан – өнердегі Қотыраш қауіпті.

35. Мешіттен шыққанның бәрі – періште емес.

36. Сақалсыз молда көрсем, Райкомның хатшысы еске түседі.

37. Спорт та, өнер де – уақытқа тәуелді. Спортта тағдырың секундтармен өлшенеді, ал өнердің бағасын жылдармен білесің...

38. Әйелін сыйламаған – келінін де сыйламас...

39. Теледидардан айтылғанның бәрі – шындық емес.

40. Байдың тойына барғың келмейді.

41. Ақымақ қатын қырық жасында да қыз болам деп қылымсиды.

42. Опера театрында жартысы спектакль көру үшін барса, жартысы көйлегін көрсету үшін барады.

43. Көйлексіз қыз болса да, шалбарсыз қыз болмайды.

44. Джинсы кигеннің бәрі- жігіт емес.

45. Шаммен отырғанның бәрі – романтик емес.

46. Джиптің де желі болады.

47. Толғақ тез ұмытылады, сайлау тез ұмытылады, жақсылық тез ұмытылады...

48. Бұрын ақынның жиынына баратын едік, енді әкімнің жиынына баратын болдық.

49. Бүгінде сөйлегеннен үндемеген тиімді.

50. Қазы жегеннің бәрі – қазақ емес.

51. Қадіріңді білмейтін қатын жаман, қамшыласаң жүрмейтін атың жаман.

52. Жалақы алған – жарымас.

53. Ақыл айтқанның бәрі- көсем емес.

54. Әдемі қыздың ақылы – айнада болады.

55. Әкімнің баласы – әкім болса, таңданбайсың, әкімнің баласы – ақын болса, таңданасың.

56. Сүйкімді боп келуден - сүйкімді боп кету әлдеқайда қиын...

57. Атақ, абырой, құрмет – ол қоғамның саған берген қарызы.

58. Бір нүктеге қарап отырғанның бәрі ойшыл емес...

59. Пайдасыз қалған тұз жаман,

Таңертең келген қыз жаман.

60. Қазақтың әні мен күйі біткен күні қазақ жер бетінен жойылады.

61. Ең үлкен ерлік – атақты бола тұра қарапайым болу...

62. Қатынына қарайлаған еркектен елдің қамын жейтін ер шығады деу- өтірік.

63. Байынан күндіз-түні қателік іздеген қатын – сорлы.

64. Бір-біріне сенімсіз адамдар ғана «біз бір-бірімізді сүйеміз» деп жар салады.

65. Ақымақ қатынға ұры да бір, ұлы да бір.

66. Махаббат – Алланың адамға берген сыйы.

67. Таңертең сайрау тек бұлбұлға жарасқан...

68. Бақаның да өз тілі болады.

69. Таң атпай біреуді сүю – тек анаға жарасқан...

Талғат Теменов,

Қазақстанның Халық артисі, профессор  

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594