Жұма, 19 Сәуір 2024
Заң жобасын талқылау 4195 1 пікір 2 Наурыз, 2018 сағат 12:43

Мәслихат сайлауында «Ақ жол» ұсынған 100-ден аса үміткер сайлаудан алынып тасталған

«Ақ Жол» партиясы табыс туралы декларациядағы болмашы ғана айырмашылықтарға бола үміткерлерді сайлаудан шығарудан бас тартуды ұсынады – бұл туралы сейсенбі күні Орталық сайлау комиссиясында «Сайлау туралы» заңға енгізілген өзгертулерді талқылау барысында Азат Перуашев мәлімдеді.

Ол осыдан екі жыл бұрын дәл мұндай сылтаумен «Ақ жол» партиясының атынан жергілікті мәслихаттарға ұсынылған 100-ден астам үміткер сайлаудан алынып тасталғанын еске салды. Әріден соң, кей - кездері сол декларациядағы табыс туралы мәліметте 70-100 теңге көлемінде ғана білер-білінбес айырмашылықтар еді.

Демократиялық партия мұндай тәжірибе сыбайлас жемқорлықпен күресуге емес, қолайсыз бәсекелестерді жоюға қызмет етеді деп санайды. Сондықтан А.Перуашев дамыған демократиялық елдердің үлгісінде айырмашылықтарды анықтап, кандидаттарға сайлаудан шығарылмай, қосымша декларацияларды ұсынуға немесе ең болмағанда рұқсат етілген келіспеушіліктердің дәлме-дәл шегін белгілеуге мүмкіндік беруді ұсынды.

«Ақ жол» көшбасшысы сайлау процесіне қазіргі заманғы технологияларды белсенді түрде енгізу жөнінде ұсыныс жасады. Себебі, бүгінгі күні интернет желісіне қосылу кеңінен жүзеге асырылуда, ірі қалаларда дерлік бүкіл аумақ бейнебақылау жүйесімен қамтылған.

«Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы сайлау күні барлық сайлау учаскелерінде интернет арқылы ашық көрсетілім жүргізуге мүмкіндік беретін осыған ұқсас бейнебақылауды орнатуды ұсынады», - деп баса айтып өтті.

Оның айтуынша, сол кезде ғана бақылаушының да, кез-келген өзге мүдделі тұлғаның да жалған сайлаушылардың қитұрқы «әткеншек» әдісі бойынша дауыс беру әрекетін, сайлау бюллетендерін топтап салу ықтималдығын , дауыстарды қате санау және басқа да заңға қайшы бұзушылықтарды қадағалауға мүмкіндігі болады.

«Мұндай қоғамдық бақылау дауыс беру рәсімінің ашықтығы мен сенімділігінің үздік кепілі бола алады», - деген сенім білдірді А. Перуашев.

Демократиялық партияның жетекшісі тағы бір қызықты әңгімеге тоқтала кетті, оған сәйкес саяси партиялар саяси пікір сайыстарды дербес ұйымдастыруға құқылы бола алады.

«Біз бұл бастаманы өте көңіл құптарлық деп санаймыз, бұл саяси бағдарламалардың түп мақсатын толық ашып көрсетуге, сайлаушылардың ақпараттық тұрғыдан әрдайым хабардар болуын  арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

Депутат өткен сайлаудың тәжірибесін тілге тиек ете отырып, орталық телеарналар эфирінде жүргізілген ресми пікірсайыстар уақыт пен тақырып бойынша шектелгенін де мысал етіп көрсетті. «2-5 минутта партия туралы не білуге болады? Түсінер едім, егер сайлау науқаны барысында әр түрлі өзекті тақырыптарда, әр түрлі форматта пікірталастың тұтастай бір топтамасы өткізілетін болса», - деген ойын Азат Перуашев ашық айтты.

Оның пікірінше, пікірталас алаңдары ретінде тәуелсіз ұйымдастырушылар – мемлекеттік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары болуы тиіс еді. Осындай пікірталастардың маңызды факторы олардың интернетте немесе әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілуі керек, бұл өткір саяси даудың маңыздылығын, аудиторияның сенімін және түсіндірудің айқындығын, объективтілігін арттырады.

«Біз Әділет министрлігіне «Сайлау туралы» заңға түзетулерді әзірлеуді қолға алу фактісі үшін алғысымызды білдіреміз, бұл көрсетілген өзгертулер әлдеқашан әбден жетіліп піскен», - деп түйіндей келе Перуашев құжатты егжей-тегжейлі саралап, талдау Парламентте талқылау кезінде өткізілетін болады деп өз сөзін тәмамдады.

Abai.kz

1 пікір