Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
46 - сөз 4622 3 пікір 2 Наурыз, 2018 сағат 10:38

Қазақтың өзгеге айтар қарғысы бар шығар, бірақ алғысы жоқ

Өу, қазақтар! Неге бір-бірлеріңе алғыс айтып жатсыңдар?! Біз алғыс айтатын емес, алғыс алатын күн бүгін!

Тағдырдың тәлкегімен Қазақ даласына қуғындалған сан ұлттың, сұмпайы Сталин саясатынан Алаш даласына айдалған сан этностың қазаққа алғысын жаудыратын күн. Анығы, солай болуға тиіс!

Өзі аш бола тұра бір үзім нанын өзгеге бөліп берген қазақтай дархан халық жоқ мына жұмыр жерде. Сондықтан бұл мейрамның шынайы идеологиялық тұрпатын "Сенің барыңа алғыс", "Фейсбуктегі достарыма алғыс", "Күннің атқанына, түннің батқанына алғыс" деп болмайтын бос сөзбен құртпаңдар.

Бұл сәл болсын титулды ұлттың кім екенін тайраңдап жүрген келімсектің есіне түсіретін бір қадам. Ал қазақтың қазақтан өзгеге айтар қарғысы болмаса, алғысы жоқ! Қазақ алғысты бір-біріне күнде жаудырсын, алайда бүгін емес. Олай етсек шынайы болмысы мен мақсаты жоғалады.

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір