Жұма, 19 Сәуір 2024
3605 0 пікір 2 Наурыз, 2018 сағат 08:50

Қырғызстанның шығысындағы тұрғындар алтын фабрикасын салуға қарсы шықты

Қырғызстанның Тогуз-Тороу ауданының тұрғындары алтын өндіру фабрикасы салынып жатқан аумаққа кірді. Бұл туралы аудан әкімі Тилек Идирисов хабарлады. Халық нысан құрылысы тоқтағанын тексеру үшін жиналған.

"Аудандық мәдениет үйінің маңына шамамен 500 адам жиналды, соның 150-і комбинатқа барды. Әуелі комиссия мүшелері құрылыс жүріп жатқан-жатпағанын тексеру үшін өндіріс аумағына кірген. Нысана қақпасына алдына жиналған тұрғындар да кіргісі келіп, жолай дуалды құлатып кетті", - деді Идирисов.

Ол комбинат құрал-жабдықтары бүлінбегенін, тек дуалды ғана құлағанын айтты.

Бұған дейін, 7 ақпанда, Тогуз-Торода ондаған адам митингке шыққан. Олар алтын фабрикасы құрылысын тоқтатуды талап еткен. Дәл осындай акция содан бір апта бұрын өткізілген. Кейбір тұрғындар "фабрика экологияға зиян тигізеді" деп есептейді.

"Джи Эл Макмал девелопинг" компаниясының басшысы Максат Жээналиев өндірістен экология зардап шектейді деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір