Сенбі, 20 Сәуір 2024
3579 0 пікір 1 Наурыз, 2018 сағат 08:37

Мирзияев "ұры" деп атаған бұрынғы прокурор ұсталды

24 ақпанға қараған түні прокуратураның арнайы тобы Ташкент облысының бұрынғы прокуроры, әділет министрлігінің аға кеңесшісі Жамшид Файзиевті Ташкенттегі үйінде ұстады. Шенеуніктің қолына кісен салып, басына қап кигізіп әкеткен.

Өзбекстан Бас прокуратурасындағы дереккөздің 26 ақпанда хабарлауынша, Файзиевке қылмыстық іс қозғалған. Оған қамаудағы бұрынғы бас прокурор Рашид Кадыровтың куәлігі себеп болған. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, Файзиев "қызметін асыра пайдаланған", "пара алған" деген күдікке ілінді.

2017 жылы 2 тамызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев видеоселекторлық жиналыста Файзиев оны "бірінші ұры" деп атады. Содан кейін ол Ташкент облысы прокуроры қызметінен босатылды.

Дереккөз мәліметтеріне қарағанда, қызметтен түсіп қалған шенеунікті құзырлы органдар бақылауға алған.

Жамшид Файзиев 2013 жылы сол кездегі президент Ислам Каримовтың мемлекеттік кеңесшісі болып тағайындалған. Бұл қызметте ол бар болғаны тоғыз ай отырған. Одан соң оны прокурордың орынбасары қызметіне тағайындаған. Мирзияев билікке келген уақытта Файзиев Ташкент облысы прокуроры қызметіне кірісті.

Abai.kz

0 пікір