Жұма, 29 Наурыз 2024
4661 0 пікір 28 Ақпан, 2018 сағат 08:42

Өзбекстан бас прокурорының бұрынғы орынбасарына қылмыстық іс қозғалды

Өзбекстан бас прокурорының бұрынғы орынбасары Ұлықбек Суннатовқа қылмыстық іс қозғалды. 45 жастағы полковникті прокуратура қызметкерлері 24 ақпанда өз үйінде ұстаған. Шенеунік тергеу сұрақтарына жауап бере бастады.

2017 жылдың аяғынан бастап Ташкент облысының прокуроры болып істеген Ұлықбек Суннатов биыл 5 қаңтарда "жұмыстағы өрескел қателігі үшін" президент жарлығымен жұмыстан алынған.

Бас прокуратура қызметкерінің хабарлауынша, Суннатов бұрынғы бас прокурор Рашид Кадыровқа қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында тұтқындалға. Кадыровтың ұсталғаны 22 ақпанда белгілі болған.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, қазір Ұлықбек Суннатовты Бас прокуратура ғимаратында тергеп жатыр. Ол "қызмет бабын асыра пайдалану" және "пара алу" қылмыстарын жасады деген күдікке іліккен.

Бұнымен қоса Суннатов Өзбекстан Ұлттық Паралимпиада қауымдастығы төрағасы қызметінен босатылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590