Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
4497 0 пікір 28 Ақпан, 2018 сағат 08:39

Мирзияевтің Душанбеге сапары аясында өзбек эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді

Тәжікстан мен Өзбекстан өнерпаздарының бірлескен концерті өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің Душанбеге алғашқы мемлекеттік сапары кезінде "Достық кеші" тақырыбымен өтеді. Мирзияев Тәжікстанға наурыз айының басында барады.

"Ялла" тобының жетекшісі Фаррух Закировтің хабарлауынша, бұл концертке Юлдуз Усманова, Шерали Жураев және Озодбек Назарбеков сынды эстрада жұлдыздары шақырылған.

"Керемет бастама. Біздің халықтар ежелден бері достасып келеді, ортақ дүниелер өте көп. Соңғы уақытта екі елдің үкіметтері қарым-қатынасты жақсарту үшін көптеген келіссөз жүргізді", - деді Закиров.

Әншінің айтуынша, президент сапарына дайындық Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі мен мәдениет министрлігіне тапсырылған. Атқарылған жұмыстарды мемлекет басшысының өзі қадағалап отыр. "Мен Душанбені сағынып қалдым. Өте сұлу қала. Тәжік әншілермен бірге қойған концерттерді ұмытқан жоқпын", - деді әнші.

Еске салайық, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон 2000 жылы өзбек әншілері Фаррух Закиров пен Мардон Мавлоновқа "Тәжікстан халық әртісі" атағын берді.

Abai.kz

0 пікір