Сенбі, 20 Сәуір 2024
3716 2 пікір 27 Ақпан, 2018 сағат 10:06

Eсірткі сатқан имам көмекшісі ұсталды

Өзбекстанның Сұрқандария облысында құқыққорғау қызметкерлері ұстаған нашақор есірткіні кімнен алатынын айтып берді. Жергілікті имамның көмекшісі есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Денау қаласының тұрғыны 21 ақпанда ұсталған. Оның қалтасынан 4,6 грамм есірткі табылды.

Тергеу барысында 29 жастағы З. Имамов есірткіні "Умари Одил" мешітіндегі имам көмекшісі А. Мелибоевтан алғаны анықталды.

Мелибоев ұсталған соң, құқыққорғау қызметкерлері есірткінің ірі саудасымен айналысқан С. Кенжаевті қолға түсірді. Оның үйінен 10 кг 7,17 грамм наша және 3 кг 675, 37 грамм марихуана табылған.

Abai.kz

2 пікір