Жұма, 19 Сәуір 2024
Не дейді?! 6994 13 пікір 26 Ақпан, 2018 сағат 11:44

Бергей Рысқалиев тірі екен

Күні бүгінге дейін Атыраудың экс-әкімі Бергей Рысқалиевке қатысты түрлі қауесет айтылып келген еді. Қызметінін алшақтатылғаннан кейін Бергей Рысқалиевтің өлі-тірісі белгісіз болған. Жұрт ішінде ағайынды Рысқалиевтерге қастандық жасалғаны туралы алып-қашпа әңгімелер де айтылып жүрді.

Сөйтсек, экс-әкім Бергей Рысқалиев дін-аман, тірі болып шықты. Оның тірі екенін саясаткер Серікжан Мәмбеталин өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады. Саясаткер "Фейсбук" желісіндегі жеке парақшасында Бергеймен түскен суретін жариялап, аз-кем пікір білдірген.

"Мен 90-шы жылдардың басында, шағын бизнеспен айналысқан кезде, Батыстың бір жігітімен таныстым. Есімі Бергей болатын. Содан бері әрқайсымыз өз жолын таңдап жүрдік, тек жақында Лондонда кездесіп қалдық",-дейді саясаткер. Ел-жұрт екіұдай пікірде жүрген экс-әкімге Британия билігі босқын мәртебесін берген екен.

"Кешеден бері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Бергей Рысқалиевті тергеу мәселесімен Астанаға шақырып жатыр.  Бергей əкім болып тағайындалуының алдында салық декларациясын жариялап, бай бизнесмен болғанын дәлелдеді. Ол иемденген зауыттар, мұнай кен орындары және дүкен желілерінің құны – 150 миллион АҚШ долларына жуық", - дейді Мәмбеталин. Оған қоса, ағайынды Рысқалиевтердің екеуінің де дін-аман екені жіткізіп, Астана шақыртуы бойынша Қазақстанға келе алмайтынын айтыпты.

“Бергей Рысқалиев пен оның інісі жайында түрлі әңгіме айтылады. Олар дін аман. Ағайындыларға Ұлыбритания үкіметі саяси босқын мәртебесін берген. Ағылшын заңы бойынша олар Астанаға келіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке түсініктеме бере алмайды.",-дейді Серікжан Мәмбеталин.

Саясаткер Серікжан Мәмбеталиннің жазбасы арқылы Бергей Рысқалиев интернетте жұртпен жүздеуге әзір екенін де білдік.

"Меніңше, ол скайп арқылы жауап бере алады. Мұнысы билікке де, елге де дұрыс болады деп ойлаймын. Ал Ол кінәлі ме, жоқ па, оны тәуелсіз сот шешуі керек. Ондай сот Қазақстанда болған емес",-деп түйіндейді жазбасын.

Сөйтіп Серікжан Мәмбеталиннің жазбасынан білгеніміз - жұрт жоққа балап жүрген Бергей Рысқалиев тірі екен. Көпшілік өлдіге балап жүрген адамдардың ойда-жоқта табыла кетуі де күдік туғызатыны рас-ақ. Кім білсін, біз бақилық деп жүрген кейбіреулер де ертең тірі табылып қалуы мүмкін ғой...

 

 

Abai.kz

13 пікір