Жұма, 29 Наурыз 2024
3564 0 пікір 26 Ақпан, 2018 сағат 09:16

СІМ: Ресейде қаза болған үш адам жайлы деректер тексеріліп жатыр

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ресейдің Мәскеу облысында өлі табылған үш ер адам туралы ақпаратты анықтап жатыр деп хабарлады "Қазақпарат" ресми агенттігі.

"Оқиға туралы хабардармыз. Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар жергілікті тергеу органдарымен байланыс ұстап отыр. Тергеу жүріп жатыр, әзірше ақпарат жарияланбады. Қазаға ұшырағандардың азаматтығын растайтын деректер әзірге болмай тұр", - деген СІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін ресейлік ақпарат құралдары Мәскеу түбіндегі Чехов ауданында жүк көлігі ішінен өлі табылған үш ер адам қазақстандықтар болуы мүмкін деген ақпарат таратқан. Олар өзгенің қолынан қаза тапқан деп байлам жасауға негіз болатын еш айғақ-дәлел табылмаған, тек көлік салонынан өлген үш адаммен бірге газ жанарғысы табылған. Алдын ала болжам бойынша, үшеуі иіс тиіп ажал құшқан болуы ықтимал.

Мәскеу облысы бойынша ішкі істер министрлігі басқармасы бұл оқиға бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Басқарма өкілінің айтуынша, үш адамның ажалына "оқыс жағдай себеп болған" деген алдын ала болжам бар.

Төтенше оқиғаның бүге-шігесі және марқұмдардың аты-жөні туралы әзірше өзге мәлімет жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544