Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3764 3 пікір 23 Ақпан, 2018 сағат 14:54

"Қазақмыс" жұмысшысы өндіріс жарақатынан қайтыс болды

"Қазақмыс" компаниясының 22 ақпанда таратқан хабарына қарағанда, Қарағанды облысында кен байыту фабрикасының бір жұмысшысы өндіріс жарақатынан қайтыс болған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1994 жылы туған жұмысшы 21 ақпанда Жезқазған кен байыту фабрикасында "аралық станция гаражына кабельді барабанды орау кезінде" жарақат алған.

"Жарақаттанған жұмысшы Жезқазған қаласындағы медициналық орталыққа жеткізілген. Науқас операция кезінде қайтыс болды", - делінген баспасөз қызметінің бейсенбі күні таратқан хабарламасында.

Компания жұмысшы жазатайым оқиға нәтижесінде жарақаттанған деп есептейді. Оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды.

Abai.kz

3 пікір