Жұма, 19 Сәуір 2024
4199 0 пікір 22 Ақпан, 2018 сағат 11:35

Елімізде шетел валютасымен ипотекалық несие алған 25 мың борышкердің мәселесі оң шешімін таппақ

Ұлттық банк қолданыстағы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын кеңейтуді қолға алды. Құжатта әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарды қолдау үшін де түзетулер енгізілген. Қазір Ұлттық банк, «Нұр Отан» партиясы және борышкерлердің басын біріктіретін қоғамдық ұйымдар бірнеше кеңес өткізіп жүр. Бірлестік жетекшілері бұл бастаманы түйткілді мәселенің түйінін шешуге жасалған игі қадам деп санайды.

«Бұл бағдарламаларға ат салысып, өзімнің ұсыныстарымды кіргізгенмін «Кәусар бұлақ» атынан. Менде әлеуметтік жағдайы төмен жандар өте көп, мүмкіншілігі шектеулі жандар көп, көпбалалы аналар көп. +бағдарламада бөлімдері өте көп. Қазір мына доллар жөнінде болғаннан кейін екінші этап дейді ғой ол да көбейіп отыр. Одан кейін жалға беру бағдарламасы ол да жүріп отыр. Ол 20 жылға пайызсыз», - дейді «Кәусар бұлақ» әлеуметтік көмек орталығының жетекшісі Ұлданай Қамбарова.

Қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізілетін өзгеріс 2016-жылдың 1- қаңтарына дейін шетел валютасында қарыз алғандардың мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік береді. Құжат осы айдың аяғында қабылданады деп күтілуде. Қазіргі таңда қайта қаржыландыруға 220 миллиард теңгені құрайтын 30 мың өтінім қабылданған. Оның 23 мыңнан астамы мақұлданыпты.

«25 мыңға жуық проблемалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін 130 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда соның 24 миллиард теңге игерілмей қалған еді. Ол қаржыны біз қосымша банктерге қайта бөлеміз. Осы арқылы қайта қаржыландыру қарқыны ұлғаяды. Оған қоса, бұл ақша бағдарламадағы мақұлданған және қайта қаржыландырылғандардың арасындағы айырмашылықты қамтуға септеседі. Жазға дейін бардарлама аясында мақұлданған өтінім қайта қаржыландырылады», - деді ҚР Ұлттық банкі Қаржылық қызметтерді түтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Александр Терентьев.

Abai.kz

0 пікір