Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3701 0 пікір 14 Мамыр, 2009 сағат 08:05

Боксшылар қалашығы салынады

 

 

Алматыда Қазақстан Республикасы әуесқой бокс федерациясының отырысы өтті. Сол жиында көптеген келелі мәселелер төңірегінде пікір айтылды. Осы саланың басы-қасында жүрген мүйізі қарағайдай мамандар өз ойларын ортаға салды. Және де бокс федерациясында басшылық қызмет атқаратын азаматтардың есімдері белгілі болды.
Еңәуелі, осыотырысқабокстыңтөңірегіндежүргенмамандар, осысаланыөркендетужолындақаржысыменқажыр-қайратынтөккенигіжақсылардыңтүгелгедерлігіқатысқанынбасаайтакетугетиіспіз. Кәдімгідей қалың топ жиылған екен. Іскер азаматтар – Тимур Құлыбаев, Кеңес Рақышев, Бауыржан Оспанов, Юрий Цхай, Азат Перуашев, Бекет Махмұтов, әйгілі боксшылар – Серік Қонақбаев, Ермахан Ыбрайымов, Болат Жұмаділов, Болат Манкенов, Кәрімжан Әбдірахманов, Болат Теміров, Бейбіт Есжанов, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Михайл Юрченко, білікті бапкерлер – Дамир Буданбеков, Тұрсынғали Еділов, Александр Апачинский, Нұрлан Ақүрпеков, Тоқтарбек Сәметов, Мырзағали Айтжанов сынды жігіттердің барлығы бір жұдырық болып жұмылып, Қазақстан боксын өркендетеміз деп құлшынып отыр.
Жиынды республикалық федерация президенті Тимур Құлыбаев ашты. Құлыбаев мырза ел боксының қазіргі жай-күйі, болашақ жоспары жайында сөз қозғады. Бүгінгі таңда орын алып отырған кемшіліктерді тілге тиек ете отырып, содан шығу жолдарын айтты. Федерацияның жарғысы қабылданып, ол бірауыздан мақұлданды. Енді жүйелі түрде жұмыс істеп, одан нәтиже шығару керектігі айтылды.
Бастағанісөргебасуүшінкадрмәселесінеерекшеназараударуқажетекенібелгілі. Бұл ретте осы саланы майталман мамандар мен ауқатты мырзалар басқаратын болды. Есімдері елге мәлім Бекет Махмұтов, Серік Қонақбаев, Юрий Цхай және Кеңес Рақышев сынды азаматтар бокс федерациясының вице-президенті қызметін атқарады блыстардығы федерацияның тізгіні мына жігіттердің қолында: Б.Оспанов (Алматы), А.Мұхамбетов (Ақтөбе), Т.Байғазиев (Атырау), М.Оңдағанов (Батыс Қазақстан), Ж.Түсіпбеков (Қарағанды), Ш.Бердіғожин (Қызылорда), В.Мирошник (Маңғыстау), Ж.Смайылов (Солтүстік Қазақстан), Н.Жұмабеков (Оңтүстік Қазақстан), К.Рақышев (Алматы қаласы), Әбілғазин (Астана қаласы). Федерацияның атқару комитеті құрамына республикамыздың 14 облысы және Астана мен Алматы қалаларының бокс жетекшілерімен қатар Б.Цхвирашвили, Д.Қасенов, В.Ким, Б.Манкенов, Ж.Сәрсенов, А.Перуашев, А.Тшан, М.Дайырбеков, М.Юрченко, Е.Сәлімов, Е.Ыбрайымов, Қ.Мәуленов, Б.Қасымханов және В.Присяжнюк енді. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері қызметін Дамир Буданбеков атқаратын болады. Осы жиын барысында белгілі болғандай, бапкерлер комиссиясын Юрий Цхай басқарады. Төрешілер комиссиясының төрағасы міндеті Данияр Хасеновке жүктелді. Бұл істе оған тәжірибелі төреші, Бейжің Олимпиадасында қазылық еткен Берікбол Қасымханов көмектесетін болады.
Осыжиынғажиналғанжұртшылықтағыбірқуаныштыжаңалықтыестіп, көңілдерікәдімгідеймарқайыпқалды. Алматы қаласының маңында Алатау бөктерінде боксшыларға арналған әлемдік талапқа сай Олимпиадалық қалашық салынады. Бұл іске жауапты белгілі кәсіпкерлер – Кеңес Рақышев пен Бауыржан Оспанов. Республикамызда өтетін халықаралық турнирлердің біразының деңгейін көтеру жағы да қарастырылуда. Мәселен, Астанада тұсауы кесілген Президент кубогы бәсекесін АИБА күнтізбесіне енгізген жөн. Сол секілді Алматыда да бір турнирдің жалауы көтерілгені дұрыс. Алайда аталмыш қалада ерлер емес, жастар немесе жасөспірімдердің жұдырықтасқаны жөн.
Ұлттық құраманың бас бапкері Дамир Буданбеков Қостанайда өткен Қазақстан чемпионаты барысына баға беріп, алдағы жоспарлары жайында да айтты. Қазір былғары қолғап шеберлеріміз Алматының маңында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Алдағы уақытта бірқатар халықаралық жарыстарға қатысуды көздеп отыр. Солардың арасындағы ең негізгісі – әлем және Азия чемпионаттары. Буданбеков мырза сол жарыстарда жігіттеріміз өз жанкүйерлерін жерге қаратпайтынына сендірді.
Міне, Алматыдаосындайотырысөтті. Жиын барысында көкейде жүрген біраз сауалға жауап алдық. Ең бастысы, федерация президенті Тимур Құлыбаев көптеген білікті бапкерлер, майталман мамандар және ауқатты мырзалардың басын біріктіріп, ортақ бір іске жұмылдырылған команда құра алды. Енді осы істің нәтижесі қалай боларын алдағы уақытта көре жатармыз.

 

0 пікір