Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3190 0 пікір 6 Ақпан, 2018 сағат 08:28

Тәжікстан делегациясы Ташкентте Мирзияевтің мемлекеттік сапарын талқылайды

Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Азим Иброхим бастаған үкіметтік делегация Ташкентке барды. Олар Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға алғашқы мемлекеттік сапарына дайындықты пысықтайды.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі 4 ақпанда Тәжікстан делегациясының сапары туралы хабарлап, екі елдің үкімет мүшелері президент Мирзияевтің көрші елге сапарын ғана емес, басқа да өзекті мәселелерді талқылайтынын мәлімдеді.

Мирзияев Тәжікстанға көктем басталғанда Тәжікстанға сапармен барады.

Өткен айда өзбек премьер-министрі Абдулла Арипов бастаған делегация Тәжікстанға барып қайтты. Өзбек премьерін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қабылдаған.

Душанбеде Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық әріптестік жөніндегі үкіметаралық комиссияның бесінші отырысы өткен.

Abai.kz

0 пікір