Жұма, 29 Наурыз 2024
3019 0 пікір 5 Ақпан, 2018 сағат 09:50

Әли Ферузға Ресейден кетуге рұқсат берді

Мәскеу қалалық соты 2 ақпанда "Новая газета" тілшісі Әли Ферузды Ресейден шығару туралы Басман сотының шешімін өзгертті. Судья журналиске елден өз ертімен кетуге рұқсат бермеді, бірақ Феруз үшінші бір елге өтініш жазу арқылы кете алады.

Ферузда Қызыл крест берген жол жүру құжаты, неміс визасы мен Германияға билеті бар. Бұл ел оған баспана беруге әзір.

Журналистің адвокаты Даниил Хаймановичтің айтуынша, сот "ол өтініш беру арқылы басқа елге кете алады". Журналист сотта Ресейден босқын мәртебесін немесе баспана сұраудан бас тартқанын айтты.

Әли Феруз (Худоберди Нурматов) Алтайда туып, мектепті сол өңірде бітірген, бірақ кейін Өзбекстанда азаматтық белсенділікпен шұғылданған. Журналист сегіз жыл бұрын Өзбекстаннан кетуге мәжбүр болған, өйткені оны жергілікті арнайы қызмет өзіне жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Өзбек билігі журналисті Ресейден депортациялауын бірнеше жылдан бері сұрап келеді. 2014 жылы Феруз Ресейден баспана беруін сұраған, бірақ оның арызы орындалмады.

Өткен жылы наурыз айында Ферузды Мәскеу орталығында ұстады. Полиция журналистің көші-қон заңдарын бұзғанын мәлімдеген.

Страсбургтегі Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Ресей билігіне Ферузды Өзбекстанға депортациялауға тыйым салған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564