Сенбі, 20 Сәуір 2024
3498 1 пікір 5 Ақпан, 2018 сағат 09:48

Австралияда тұратын тәжік ғалымын экстремизм үшін айыптады

Тәжікстан билігі Австралияда тұратын тәжік ғалымы Абдусалом Одиназоданы экстремизм үшін айыптады.

50 жастағы доктор Абдусалом Одиназода Тәжікстанның қылмыстық кодексінің екі - конституциялық билікті күшпен өзгертуге және экстремистік әрекетке шақыру баптары бойынша айыптады. Тәжік билігінің мәліметі бойынша, Одиназода екі жыл бойы экстремистік мазмұндағы видео таратқан және деструктивті әрекеттерге үгіттеген делінеді.

Тәжік ғалымы Перт қаласындағы Батыс Австралия университетінде сабақ береді. Одиназоданың Озоди радиосына хабарлауынша, Тәжікстан билігі ғалымды "террорист" деп атап, университетке бірнеше мәрте ресми хат жолдаған. Ғалым бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығарып, Австралияда "салафшы болуға тыйым салынбағанын" айтты.

Оның әлеуметтік желілердегі жазбалары дін тақырыбына арналған. Ол "Ислам мемлекеті" содырларын жақтап, экстремистердің видеоларын өз парақшасында жариялаған.

Одиназоданың айтуынша, ол 16 жыл бойы Тәжікстаннан тыс жерде тұрады, тәжік азаматтығын ешқашан алған емес. Бір ұлы мен бір қызы бар. Одиназоданың айтуынша, балалары әкесінің көзқарастарымен келіспейді.

Abai.kz

1 пікір