Жұма, 26 Сәуір 2024
4890 12 пікір 1 Ақпан, 2018 сағат 09:57

РФ Сыртқы барлау қызметі басшысы Нарышкин не үшін АҚШ-қа барды?

АҚШ сенатының демократиялық партия өкілі Чак Шумер Ақ үйден америкалық санкция тізімінде бар РФ Сыртқы барлау қызметінің (СБҚ) басшысы Сергей Нарышкиннің Вашингтонға не себептен келгенін түсіндіруді талап етті. Бұл жөнінде Politico хабарлайды.

РФ СБҚ басшысы Сергей Нарышкиннің Құрама Штатқа барып, америкалық әріптестерімен " терроризммен бірлесіп күресу" жөнінде келіссөз жүргізгені жөнінде Ресейдің Вашингтондағы елшісі Анатолий Антонов мәлімдеген.

Сенатор Чак Шумер "мұның бәрі таза емес" деп әрі ол Нарышкин жалғыз келмеуі мүмкін деп қауіптенеді. Ол Трамп әкімшілігі Нарышкиннің кіммен кездескені жөнінде тез арада мәлімет беру керек деп талап етеді. Ол сонымен бірге АҚШ санкциясына ілінген Ресейдің тағы қандай шенеуніктерін Трамп әкімшілігі елге кіргізіп отыр деп сұрақ қояды.

Сейсенбі күні АҚШ Қаржы министрлігі Ресей президенті Владимир Путин маңайындағы адамдарды "қара тізімге" енгізген "Кремль есебін" жариялады. Оған 210 адамның аты-жөні енген. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі жақын арада оларға санкция салынбайды деді. Мәскеу болса, мұны наурыз айында Ресейде өтетін президент сайлауына ықпал ету деп атады.

Abai.kz

12 пікір