Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3648 2 пікір 1 Ақпан, 2018 сағат 09:51

Amnesty International Гуантанамо түрмесін сақтағаны үшін Трампты айыптады

Dressed in orange coveralls, alleged al-Qaida and Taliban combatants captured in Afghanistan wash before midday prayers at controversial Camp X-Ray, where they are being held in cages at the US Naval Base at Guantanamo Bay, Cuba, 27 January 2002. US Secretary of Defense Donald H. Rumsfeld visited the prison Sunday.

Халықаралық Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы АҚШ президенті Дональд Трампты Гуантанамо түрмесін сақтап қалғаны үшін айыптады. Адам құқығын қорғаушылар бұны АҚШ-қа кір келтіретін әрекет деп есептейді.

Трамп "Елдегі жағдай туралы" Конгреске алғашқы жолдауында Гуантанамо туралы да сөз қозғады. Президент жүздеген қауіпті терроршыны бостандыққа шығару - ақымақтық деп есептейді. Құрама Штаттар мұндай айыптыларға қатысты саясатын қайта қарамайынша, түрме жабылмайды.

АҚШ президенті Барак Обама 2009 жылы бұл мекемені жабуға талпынған. Сол кезде қабылданған президент үкіміне сәйкес, түрмеде отырғандар елдеріне қайтарылуы немес АҚШ-тағы басқа түрмелерге ауыстырылуы тиіс еді.

Гуантанамодағы арнайы түрмені 2002 жылы АҚШ президенті Джордж Буш әкімшілігі салдырған. 2017 жылы арнайы түрмеде 41 адам отырды. Адам құқығын қорғаушылар Гуантанамо түрмесіндегілер азапталғаны туралы бірнеше мәрте мәлімдеген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512