Жұма, 29 Наурыз 2024
Сөйле, сурет 7752 1 пікір 31 Қаңтар, 2018 сағат 09:11

Қазақтың фото-тарихы

(Жалғасы. Басы мына сілтемеде)

Дендерден бергі баурайдан

Индер – Каспий ойпаты алабындағы тұзды тұйық көл. Негізгі толығу көзі айналасындағы саздардың шығатын тұзды бұлақтар. Көл солтүстігінен Индер тауымен қоршалған, оңтүстік жағалауы жазық. Ерте кезден қазақтар  көлдің лайлы саз балшығын түрлі ауруларды емдеуге пайдаланды.

Индер тұзды көлінде

Индер тұзды көлі

Индер тұзды көлінің жалпы көрінісі

Индер тұзды көлінің жағалауы

Жәрмеңкесі Ойылдың

Сауда қатынастары ерте заманнан бастап халықтар мен мемлекеттер арасын байланыстыратын саяси-экономикалық құбылыс.  ХІХ ғасырдағы Батыс Қазақстан өңіріндгі ең ірі сауда орталығының бірі – Ойылдағы Көкжар жәрмеңкесі. Ойыл жәрмеңкесі Оралдың оңтүстіктегі әскери территориясы және шығыстағы Бөкей Ордасымен Новобогат поселкасы және Сарайшық фортына соғып Гурьевке баратын жол арқылы қатынас жасаған. Атақты Ойылдың көктемгі және күзгі жәрмеңкелеріне Гурьев көпестері де қатынасты. ХІХ ғасырда Гурьев  және Ойыл жәрмеңкелерінің арасын жалғаған керуен сауда жолы қалыптасты. Бұл сауда жолымен ағылған саудагерлер Ойылдан шығып Тайсойған құмымен, Ойтаң, Сағыз, Мақат, Доссор арқылы Гурьев жәрмеңкесіне өз тауарларын жеткізген. Ойыл жәрмеңкесінде Мұрат Мөңкеұлы, Қашаған, Нұрым,  Мұхит Мералыұлы сияқты ақындар айтыстарымен, жыр-толғауларымен жәрмеңкеге келген елдің көңілін көтеріп, халықтың рухани өмірінің ажарын кіргізді.

Ойыл жәрмеңкесі

Ойыл жәрмеңкесінде

Ойыл жәрмеңкесіндегі қазақтар

Ойыл жәрмеңкесінде

Ойыл жәрмеңкесіндегі құдық басында

 

Осы өлкеде...

Өлкемізде ХХ ғасырдың басында 5 казак-орыс станицасы, 17 қазақ болысы және теңізге жақын үш кент болды. Каспий теңізіне жақын болыстар мен кенттерде балық шаруашылығы жақсы дамыды. Бұл кезде орыстар қоныстанған теңіз жағалауында Жылыой, Ракуша, Прорва кенттері пайда болды. Оның ең үлкені Жылыой кенті аймақтағы сауда, өндіріс саласына ықпалын тигізді. Тарихи мәліметтер бойынша 1914 жылы Жылыой кентінде 1943 адамы бар 300 отбасы тұрған. Олардың негізгі кәсібі балық шаруашылығы болды.

 

Жылыой маңындағы балықшылар кемесі

Теңіздегі балықшылар кемесі (Жылыой маңы)

Жылыойдағы шіркеу

Жылыой маңындағы Каспий теңізі

Жылыойдағы балық кәсіпшілігі

 

Аққали Ахмет, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553