Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Асқанға - тосқан 6542 13 пікір 30 Қаңтар, 2018 сағат 18:28

«Кремльдің тізімі»: АҚШ пен Ресей ат құйрығын біржола кесіспек пе?

АҚШ-тың Қаржы министрлігі санкция туралы жаңа заңға сәйкес «Кремль тізімін» жариялады. Оған  ұзын-ырғасы орыстың 210 шенеунігі мен бай-манабы еніпті.

Жалпы, конгреске жіберілген баяндамадағы тізімде қаржылық әлеуеті  $1 млрд-тан жоғары 96 ірі бизнесмен мен 114 шенеунік, мемлекеттік компаниялардың басшылары бар. Бұндай тізімді, тіпті, орыс оппозициясының өзі күтпесе керек, қазір ресейлік БАҚ әне-міне санкцияға енетін екі жүз онның жайын қызу талқылап жатыр. Бұл тізімде Ресей басшысы Владимир Путиннің қолтығының астында жүрген олигархтар мен оның Үкіметтегі командасы түгел дерлік енген.

Мысалы, премьер-министр Дмитрий Медведевтен тартып, ең соңы Мәскеудің мэрі Сергей Собянинге дейінгінің барлығы бар. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пен  Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та осы қара тізімде.

Бұған қоса, Путинмен аралас-құраластығы, құда-жегжаттығы бар деген олигархтары да қара тізімге еніпті. Олардың қатарында Әлішер Османов, Роман Абрамовичтер де бар.

Тізім

РФ Президент әкімшілігінен:

1. Антон Вайно, Президент әкімшілігінің жетекшісі

2. Алексей Громов, Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары

3. Сергей Кириенко, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары

4. Магомедсалам Магомедов, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары

5. Владимир Островенко, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары

6. Дмитрий Песков, Президенттің баспасөз хатшысы

7. Владислав Китаев, Президенттің протоколшысы

8. Андрей Белоусов, Президенттің кеңесшісі

9. Лариса Брычева, Президенттің кеңесшісі

10. Владислав Сурков, Президенттің кеңесшісі

11. Игорь Левитин, Президенттің кеңесшісі

12. Владимир Кожин, Президенттің кеңесшісі

13. Юрий Ушаков, Президенттің кеңесшісі

14. Андрей Фурсенко, Президенттің кеңесшісі

15. Николай Цуканов, Президенттің кеңесшісі

16. Константин Чуйченко, Президенттің кеңесшісі

17. Евгений Школов, Президенттің кеңесшісі

18. Игорь Щеголев, Президенттің кеңесшісі

19. Александр Бедрицкий, Президенттің кеңесшісі

20. Сергей Глазьев, Президенттің кеңесшісі

21. Сергей Григоров, Президенттің кеңесшісі

22. Герман Клименко, Президенттің кеңесшісі

23. Антон Кобяков, Президенттің кеңесшісі

24. Александра Левицкая, Президенттің кеңесшісі

25. Владимир Толстой, Президенттің кеңесшісі

26. Михаил Федотов, Адам құқықтары жөніндегі кеңес төрағасы

27. Вениамин Яковлев, Президенттің кеңесшісі

28. Артур Муравьев, Федерация кеңесіндегі Президенттің өкілі

29. Гарри Минх, Госдумадағы Президенттің өкілі

30. Михаил Кротов, Конституциялық соттағы Президенттің өкілі

31. Анна Кузнецова

32. Борис Титов

33. Михаил Бабич, Приволга  окургіндегі Преиденттің өкілі

34. Александр Беглов, Солтүстік-батыс округтегі Президенттің өкілі

35. Олег Белавенцев, Солтүстік Кавказдағы Президенттің өкілі

36. Алексей Гордеев, Орталық округтегі Президенттің өкілі

37. Сергей Меняйло, Сібірдегі Президенттің өкілі

38. Юрий Трутнев, Қиыр Шығыс округтегі Президенттің өкілі

39. Владимир Устинов, Оңтүстіктегі Президенттің өкілі

40. Игорь Холманских, Уралдағы Президенттің өкілі

41. Александр Манжосин, Президент әкімшілігінің ішкі саясат бойынша іс жүргізушісі

42. Владимир Чернов, Президент әкімшілігінің сыртқы саясат бойынша іс жүргізушісі

43. Олег Говорун, Президент әкімшілігің ТМД елдері, Абхазия мен Оіүстік Осетия бойынша экономикалық істерін жүргізудегі көмекшісі

РФ Үкіметі

44. Дмитрий Медведев, премьер-министр

45. Игорь Шувалов, бірінші вице-премьер

46. Сергей Приходько, Үкімет аппаратының жетекшісі

47. Александр Хлопонин, Үкіметтің төраға орынбасары

48. Виталий Мутко, Үкіметтің  төраға орынбасары

49. Аркадий Дворкович, Үкіметтің  төраға орынбасары

50. Ольга Голодец, Үкіметтің  төраға орынбасары

51. Дмитрий Козак, Үкіметтің  төраға орынбасары

52. Дмитрий Рогозин, Үкіметтің төраға орынбасары

53. Михаил Абызов, Ашық Үкімет министрі

54. Александр Ткачев, Ауылшаруашылық министрі

55. Владимир Пучков, ТЖМ төрағасы

56. Николай Никифоров, Байланыс министрі

57. Михаил Мень, Құрылыс министрі

58. Владимир Мединский, Мәдениет министрі

59. Сергей Шойгу, Қорғаныс министрі

60. Максим Орешкин, Экономикалық даму министрі

61. Ольга Васильева, Білім министрі

62. Александр Новак, Энергетика министрі

63. Александр Галушка, Қиыр шығысты дамыту министрі

64. Антон Силуанов, Қаржы министрі

65. Сергей Лавров, Сыртқы істер министрі

66. Вероника Скворцова, Денсаулық сақтау министрі

67. Денис Мантуров,  Минпромторг жетекшісі

68. Владимир Колокольцев, Ішкі істер министрі

69. Александр Коновалов, Әділет министрі

70. Максим Топилин, Еңбек министрі

71. Сергей Донской, Экология министрі

72. Лев Кузнецов, Солтүстік Кавказ істері жөніндегі имнистр

73. Павел Колобков, Спорт министрі

74. Максим Соколов, Транспорт министрі

Осы секілді тағы 136 шенеунік пен олигархтың тізімі қазір конгресстің қарауына жіберілген. Егер АҚШ аталған тізімдегілерге түгелдей санкция жариялайтын болса, бұл - АҚШ  пен Ресей біржолата ат құйрығын кесісті деген сөз.

«БАШ (Біріккен Америка Штаттары) қарсыластарына санкция көмегімен қарсы тұру» Заңы Біріккен Америка Штаттарының қаржы министрін ұлттық барлау қызметінің директоры мен мемлекеттік хатшымен кеңесуден кейін Ресейге қарсы санкция туралы баяндаманы конгресске ұсынуға міндеттейді. Бұл заң күшіне енген кезден бастап, 180 күн ішінде орындалуы керек.

Abai.kz

13 пікір