Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Қауіп еткеннен айтамын 5194 5 пікір 30 Қаңтар, 2018 сағат 11:43

Біржынысты «некеге» қарсы заң қажет

26 қаңтарда 1 арнадан берілген хабарда Ресейде алғаш рет екі ер адамның ресми түрде некеге тұрғаны айтылды. Анығында Ресейде қоғамдық пікір де, мемлекеттік басқару орындары да , саясатта ықпалы зор православ шіркеуі де бір жынысты адамдардың некеге тұруына қарсы. Сонда жоғарыда аталған жай қалай орын алуы мүмкін деген сұрақ туады.

Сол күнгі The Moscow Times газетінің жазуына қарағанда ресми орындардың Павел Стоцко мен Евгений Войцеховскийдің арасындағы «некені» тіркеуіне Ресей заңының осалдығы себеп болған сияқты. Ресейдегі Отбасы Кодексінің 14-тармағында қандас туыс адамдардың некесін тіркеуге заң жүзінде тиым салынғанымен, бір жынысты адамдардың «некесі» жайлы мүлдем айтылмаған.

Павел Стоцко мен Евгений Войцеховский заңдағы осы осал тұсты пайдаланып алдымен бір жынысты неке ресми мойындалған Копенгаген қаласында «некелесіп» тиісті құжат алған соң Ресейге оралған. Мәскеу құжат тіркеу мекемесі қызметкерінің олардың  «неке куәлігін» растап таңба соғуынан басқа амалы қалмаған.

Ресей Думасында бұл оқиға шу тудырып, халықаралық қатынастар комиссиясының төрағасы Леонид Слуцкой отбасылық заңға шұғыл түрде түзетулер енгізуді талап еткен (https://themoscowtimes.com/news/russia-accidentally-recognizes-gay-marriage-couple-says-60295).

Ресей заңгерлері кеш те болса ес жиған сияқты. Ал Қазақстандағы жағдай қалай? Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асып кетсе де ой-санамыз қазақылық табиғатымызға, ата-баба дәстүріне мүлдем жат шет жұрттың ақпарат құралдары сырттан танылған насихаты ықпалынан арыла алмай отырғаны туралы аз айтылып жүрген жоқ. Егер үкімет, Парламент тарапынан неке туралы заңға дер кезінде тиісті өзгерістер енгізіліп, заң жүзінде бір жыныстылар арасындағы «некеге» анық та нақты тыйым салынбаса рухани азғындық белең алған мына заманда онсыз да саны аз қазақтың  ұрпақ өрбітіп ел болуы екіталай.

Бүгінгі күні батыстың ең ықпалды ақпарат құралдары күн сайын еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің бір біріне «ғашықтығы» сияқты азғындықтың адам табиғатына жат жиренішті көріністерді  «махаббат еркіндігі» ретінде насихаттап үлкеннің де, жастың да санасына құйып жатыр.

Біржыныстылардың некелесу қозғалысы он сегізінші ғасырдың ортасында Германияда Карл Хайнрих Ульрихс, Магнус Хиршфельд, Ресейде Эмма Голдман сияқты еврей белсенділерінің бастамасымен бел алып, Америка Құрама Штаттарында тамыр жайған. Әуелде Американың Психиатрлар Қоғамы өз жыныстыларымен жақындасатындарды  психикалық ауруға ұшырағын адамдар деп танығанымен, 1973 жылы бұл тұжырымнан ресми түрде бас тартыпты. Ал 2000 жылы Вермонт штатында Америка тарихында алғаш рет ерке жұптардың «некесі» тіркелді. Мұны «қызтекелердің» жеңісі, ал ұлттың жеңілісі деп қабылдаған дұрыс шығар.

Қазір «жыныстық азшылықтың» құқығын қорғау деген желеу Батыстың өзге елдерге саяси қысым  көрсету құралына айналды. 2006 жылы тамыз айында Израиль мәсихи, мұсылман дініндегілер үшін де қасиетті қала болып саналатын Құдыста дүниежүзілік гейлер мен лесбиандардың жиынын өткізіп, әлемдік қоғамдастықтың наразылығын туғызған еді. Алайда азғындықты жарнамалау сол уақыттан бері үдей түсті. Бұл тасқынға терең ұлттық санамен,  мықты заңмен ғана қарсы тұруға болады.

Марат Ермұқанов, Қызылжар қаласы

Abai.kz

5 пікір