Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3692 1 пікір 30 Қаңтар, 2018 сағат 10:36

Грузия 2018 жылдан бастап Ресейден газ сатып алуды тоқтатпақ

Грузия биылдан бастап Ресейден газ сатып алуды жоспарламайды. Себебі жылуға қатысты барлық сұранысты Әзербайжан жаппақ. Бұл жөнінде Грузияның экономика министрінің орынбасары Георгий Чиковани мәлімдеді.

Грузия оппозициясы осыған дейін Мәскеу мен Тбилиси Арменияға жылу жеткізу транзитін "монетизациялауға" уағдаласқанан кейін, үкіметтің ресейлік "Газпром" компаниясынан табиғи газ алуға қауқары жоқ деп мәлімдеген. Шенеуніктер мұны теріске шығарған.

"Ресейлік газды сатып алуға ақша жетпейді деп айтуға болмайды. Грузияға ресейлік газ енді керек емес, себебі Әзербайжан газы жетіліп артылады", – деп мәлімдеді министрдің орынбасары.

"Газмпром" мен Грузия үкіметінің келісіміне сәйкес, Арменияға газ тасымалдағаны үшін жартылай ақшамен, жартылай шикізатпен төленіп келген. Енді биылдан бастап тек ғана ақшалай төленеді.

Abai.kz

1 пікір