Жұма, 29 Наурыз 2024
Бұ не мазақ? 6868 7 пікір 26 Қаңтар, 2018 сағат 13:49

Әбсаттаров келді де, әлек салды!

 

Жаз бойы Алматы қаласының жаңарып, көше мен көше арасындағы жүргіншілер  жолы көркем келбетке енгенін көзімізбен көрдік. Вело-құрылымға лайықталып жасалған жолақтар қаламызға ауадай қажет екені анық. Алматы қаласының әкімдігі қарапайым халық үшін өте қажетті осындай шаруаларды ойдағыдай атқарды.

Десе де, біткен іске сыншы көп. Өткен аптада біртоп бизнес өкілдері - нақтылай айтсақ, Алматы қалалық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының жаңа басшысы  Дінмұхаммед Әбсаттаров бас болып, Алматы қаласындағы оң өзгерістерге наразылық білдіріп, көше бойына көлік қоятын жер қалдырып, Қонаев көшесіндегі вело-жолақты алып тастауды талап етті. Наразылық білдірген 95 кәсіпкердің барлығы да «Восход» дүкенін жалға алған азаматтар екен.

Алматы әкімдігі кәсіпкерлердің оң істерді бағалай алмай отырғанын, қаламыздағы көліктің көптігінен тынысымыз тарылып жатқанын ескермегенін айтып, бұл наразылықтың негізсіз екенін хабарлады.

Әрине, кәсіпкерлердің құқығын қорғау керек. Бірақ, ол құқық қарапайым халықтың құқығын аяққа таптап іске аспауға тиіс. Осы жазда Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қала қонақтары үшін жайлылық туғызатын бүкіл жұмыстарды жүйелі жүргізді. Көше бойындағы заңсыз ақылы автотұрақтар жойылып, кім көрінгеннің қалтасына кетіп жатқан көлеңкелі табысқа шектеу қойылды. Көшелер күрделі жөндеуден өтіп, жаяу жүргіншілерге барлық тиімді жағдайлар жасалды. Бұл іс жалғасын таба берсе екен дейді алматылықтар. Ал, "Атамекенге" таяуда ғана басшы болып келген Әбсаттаров болса, осы бір игілікті істің әлек-шәлегін шығарып, ат төбеліндей аз ғана топтың мүддесін алдыға қойып отыр. Тоқтаңыз, Дінмұхаммед мырза! Кәсіпкерлер алдымен көпшіліктің орайындағы оң істерге мұрындық болуы керек. Өзіміз білетін өркениетті елдерде, әйтеуір, солай. Оның үстіне бүгінгі қала өмірі тыныстайтын ауаны аса қажет етеді, тұрғындар үшін демалып, серуен құратын скверлер, аллеялар керек. Барлық қала қазір осы трендке ауысқан. Кәсіпкерлер де соған тез бейімделуде. Өкінішке қарай, біздің кәсіпкерлердің ғана кей істерде кежегесі кері тартып жүреді. Әбсаттаровтардың ыңғайына бақсақ, Алматыны тұтас сауда-саттықтың алаңына айналдырып, аяқ жол қалдырымай, бәрін автокөлкке беру керек сияқты. Сөйтіп, Алматының тыныс-тіршілігінен бейхабарлау Әбасттаров келіп әлек салуда...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

 

 

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590