Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
3568 1 пікір 26 Қаңтар, 2018 сағат 10:44

Ресейлік телеарна Украинаның Тәжікстандағы елшісін "өлді" деп қате хабарлаған

"Россия-24" телеарнасының "Вести" бағдарламасының сайты Украинаның Тәжікстандағы және Ауғанстандағы елшісі Виктор Никитюкті Кабулдағы теракті кезінде "өлді" деп жариялаған.

Бұл жаңалық дипломатты ғана емес, оның туыстары мен жақындарын қатты абыржытты. Никитюк өзінің өлімі туралы ақпаратты қателік емес, ресейлік телеарнаның арандатушылығы деп есептейді.

"Талибан" содырлары 20 қаңтарда Кабулдағы қонақ үйге шабуылдады. Шабуылдан қаза болғандар арасында жеті украиналық болған.

"Менің ойымша, қазам туралы хабар арқылы Ресейдің "Талибан" қозғалысына қолдауын бүркемелеуге тырысқан. Ресейдің Ауғанстанға қарсы астыртын соғыс жүргізіп отырғанын көрсетпеуге талпынған. Бұл астыртын соғыс пен Ресейдің Украинаға қарсы соғысының ұқсастығы бар", - деп есептейді дипломат.

Abai.kz

1 пікір