Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3554 0 пікір 29 Желтоқсан, 2010 сағат 05:03

Мәжіліс Назарбаевтың өкілеттіктерін ұзарту туралы ҚР Конституциясына өзгертулер енгізу жөнінде президентпен референдум тағайындау туралы мәселені қарайды

Астана. 29 желтоқсан. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Сәрсенбі күнгі парламент мәжілісінің алқа отырысының күн тәртібінде бірінші пункт болып ҚР парламентінің депутаттарының «ҚР Конституциясына өзгертулер мен түзетулер енгізу жөніндегі мәселе бойынша ҚР президентімен республикалық референдум тағайындау туралы» ұсынысы туралы мәселе тұр, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

Аталған мәселе бойынша парламент мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов сөз сөйлейді.

Бұрын хабарланғандай, 27-ші желтоқсанда ҚР орталық сайлау комиссиясы республикалық референдум өткізу бойынша бастамашыл топ пен, сондай-ақ оның ұсынып отырған – президент уәкілеттігін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзарту туралы мәселесін тіркеуден өткізді.

Конституциялық «Республикалық референдум туралы» заң бойынша, бастамашыл топ ОСК-ден тіркеуден өту процедурасынан соң, республикалық референдумға қатысу құқығы бар республика азаматтарынан 200 мың қол жинауы тиіс. Заңда көрсетілгендей, референдумөткізу туралы ұсыныс қол жинау нәтижелері туралы қорытынды хаттамамен бірге мемлекет басшысына жолданады.

Конституциялық заңның 17 бабына сәйкес, республикалық референдум белгілеу туралы бастама бойынша шешімді Қазақстан президенті қабылдайды.

Сондай-ақ, президент бұл ұсынысты кері қайтаруы да мүмкін,

Оң шешім қабылданған жағдайда ҚР конституциясына сәйкес түзетулер енгізіледі. Парламент басым дауыспен (әр палата депутаттарының жалпы санының бестен төрт бөлігінен кем емес) конституцияға осы өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы заңды қабылдауға тиіс. Бұл жағдайда республика президенті заңға қол қойып, оны республикалық референдумға шығарады.

Республикалық референдумтуралы шешімді президент тиісті жарлық шығару арқылы қабылдайды, онда талқылауға ұсынылатын мәселенің мерзімі мен тұжырымдамасы белгіленеді. Айрықша жағдайларда президент референдум өткізудің басқа мерзімдерін белгілеуге құқылы.

Аталған заң бойынша, референдум оны тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бір ай ерте және үш ай кеш емес мерзімде өткізіледі.

Бастамашыл топ бұрын жариялағандай референдум 2011-ші жылдың наурызында өтуі мүмкін.

Президенттік кезекті сайлау 2012-ші жылға деп тағайындалған.

0 пікір