Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3108 0 пікір 29 Желтоқсан, 2010 сағат 05:00

Мәжіліс депутаттары президенттен оның өкілеттіктерін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум белгілеуді сұрады

Астана. 29 желтоқсан. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Мәжіліс депутаттары мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа оның президенттік өкілеттіктерін ұзарту мәселесі бойынша референдум белгілеу өтінішімен шықты.

«Біз ҚР парламентінің депутаттары... ҚР президентіне ҚР парламентінің ҚР Конституциясының 54 бабының 2 тармағының 3 кіші тармағына сәйкес республикалық референдумда ҚР Конституциясына ҚР президенті-ұлт лидерінің президенттік өкілеттіктерін ұзарту мүмкіндігін қарастыратын өзгерту енгізу туралы мәселе бойынша республикалық референдум белгілеу туралы бастама туралы ұсыныс енгіземіз», - деді мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.

Сәйкес заңның жобасы және ҚР конституциясына өзгертулердің жобасы қосылған, деді ол.

Бұрын хабарланғандай, 27 желтоқсанда ОСК республикалық референдум өткізу туралы бастама көтерген бастамашыл топты және ол ұсынған мәселе - президенттің өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы референдум өткізу мәселесін тіркеген болатын.

«Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға сәйкес, ОСК-да тіркеуден өткеннен кейін бастамашыл топ республиканың республикалық референдумға қатысу құқығына ие кем дегенде 200 мың азаматының қолын жинауға тиіс. Заңда көрсетілгендей, референдум өткізу туралы ұсыныс қол жинау нәтижелері туралы қорытынды хаттамамен бірге мемлекет басшысына жолданады.

Конституциялық заңның 17 бабына сәйкес, республикалық референдум белгілеу туралы бастама бойынша шешімді Қазақстан президенті қабылдайды.

Сондай-ақ, президент бұл ұсынысты кері қайтаруы да мүмкін.

0 пікір